Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

5063 Total records
199,295 Unique word forms (full index)
4031 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 5063 records

Балықшы мен сиқыршы

Ерте заманда кемпір мен шал болыпты. Кемпір мен шалдың бір қызы болыпты. Өздерінің кәсібі балық аулау екен. Бір күні балық аулап отырса, бір сандық ағып келе жатыр. Сандықты ұстап судан шығарып, үйіне апарып ашайын десе, үшеуі жабылып аша алмапты. Әйтеуір, зор дегенде сандықты бұзып қараса, ішінде бір айдаһар жатыр. Үш...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Ы. Әлінбаев, М. Толыбаев

Түс көрген патша

Ескі заманда бір патша «түс көрдім, түсімде не көрдім» деп, өзіне қарасты жұртын жинап, қинай береді. «Не көрдіңіз» десе, айтпайды. «Көргенімді табасың» деп, ашуланып ақыры қырық күн мерзім қояды. «Осы күнге дейін табасың, таппасаң бәріңнің басынды аламын. Маған қарасты бірің аман қалмайсың,—деп уағда берген. Бұның жұр...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Қ. Байболұлы ТМЖ 725

Бай мен баласы

Ертеде бір бай болыпты. Байдың жалғыз баласы болыпты. Әлгі баласы жылқы бағып отырса, бір сағым түсіп тұрады. Содан кейін түнде әлгі бала айтады: «Ақ түйеге мінген қыз, жерді басып жүрген қыз»,—дейді. Онда әлгі сағым айтады: «Ақ түйеге мінгенбіз, жерді басып жүргенбіз. Зердең болса іздеп тап». Әлгі жылқы баққан бала үй...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: С. Бейсебаев

Ханның тілсіз баласы

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол ханның жалғыз баласы болыпты. Баласының басқа шаруаға кемдігі жоқ, құлағы есітеді, көзі көреді, бірақ сөйлемейді, тілі жоқ. Хан жалғыз баласының тілі жоқтығына ішінен қайғырып бір күні халқын жинап алып: —Кімде-кім менің баламды сөйлетсе, мен сол кісіге өгіз тұлыппен алтын беремін. Ж...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан ATU 559 ТМЖ 559

Минуар мен Бибәтима

Бұрынғы өткен заманда бір патшаның үш ұлы болыпты. Патша үшеуіне: «Күнде көрген түстерінді маған айтып тұрыңдар. Мен сендерге күнде жақсы ойыншық берем жане ойын-сауық, тойға апарып тұрам»,—деп тапсырады екен. Соған балалары мәз болып, күнде көрген түсін әкесіне айтып келіп жүрді. Әкесі балаларын қызықтырып, түсін айтқ...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан

Дәулет құс

Баяғыда бір шал болыпты. Шалдың бір әйелі, екі баласы, бір дәулет құсы болыпты. Шалдың әйелі өліп, оның орнына басқа әйел алады. Шал бір сапарға кетер алдында дәулет құсын, екі баласын әйеліне тапсырып кетеді. Әйелдің бұдан басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты. Жаңағы кісі сапарға кеткесін, әйелдің үйіне жалған байы...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: О. Еңсегенов

Жеті өнерпаз

Баяғы өткен заманда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның ұлы болмапты, Қаншайым атты бір қызы болыпты. Қыздың сұлулығы сондай, қараған адам есінен танып қалады екен. Күндердің бір күнінде Қаншайым қыз қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде Қаншайымды көктен бір...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: М. Ескендірұлы ATU 653

Тазша бала

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген ешкісін сойып алып, етінен кемпір мен шалға бір түйір де берместен арқалап кетіпті. Келе жатып бір өнерші байдікіне кезігіпті. Бұл байға өнер үйренуге жалданыпты. Өнер...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1898 Region: Қазақстан Collector: А.В. Васильев

Малхуан сұлу

Ертеде адам басына бітпеген, сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты. Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін «менменшіл» қара ниет хан болыпты. Ханның қырық...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: С. Мұқаметқалиева

Ұшар ханның баласы

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қол...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1939 Region: Қазақстан Collector: У. Құлшымбаев

Алтын жүзік

Баяғыда Мұрат деген кісі жол жүріп келе жатып қатты шаршайды, шөлдейді. Бір уақытта жалғыз үйге кез келеді. Үйге келсе, бір әйел отыр, әйелдің қасында екі күшік жүгіріп жүр. Мұрат бүгін осында қонайын деп үйге түседі. Өзінің қатты шаршап келе жатқанын Мұрат жаңағы үй иесі әйелге айтады: «Нансаңыз, мен бір жолаушымын, ж...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: О. Еңсегенов

Жақсылық пен Жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: —Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіріп кетші,—депті. Жақсылық: —Олай болса, сен қазір м...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан

Ақылды етікші

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы еш тоқтаусыз уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір ә...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Кедей қызы мен хан баласы

—Менің жасым болса ұлғайды, төрімнен көрім жуық, менің орныма хан сайлап алыңдар,—дейді. —Тақсыр, хан өлсе, ханның баласы хан болады, баласыз емессіз ғой, балаңыз хан болады,—дейді. —Ал, ендеше балам бүгіннен бастап хан болады, соған бағынасыңдар,—дейді хан. Баланың әке-шешесі өліп, арулап қояды. Хан бірнеше жыл хан бо...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан

Шал мен келін

Баяғыда Қайыр деген шал болыпты. Шалдың Самет деген баласы болыпты. Шалдың кәсібі: базарға тоғыз серкені айдап барады екен, не сатпайды, не соймайды, тоғыз серкенің бұлына тоғыз нар түйенің жүгін әкеледі екен. Бір күні шал баласына айтады: —Балам, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын. Сондықтан осы тоғыз серкені базарға...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан

Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзір...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан

Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болыпты, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрады да, бара жолы бір болғаннан кейін: —Ата, жолды қысқартайық,—дейді. Қарт: —Жол қалай қысқарады?—дейді. Жігіт: —Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді біріміз арқаласақ болған...

Genre: Новеллалық ертегі Year: 1921 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Есер мен есті

Бұрынғы уақытта бір хан болған, оның бір ақылды уәзірі болған. Ханның да және уәзірдің де бір күнде әйелі жүкті болып, бір күнде босаныпты. Хан мен уәзір баласы дүниеге келген соң, дос болу үшін: «Емшектес, қарындас болсын!»—деген оймен, ханның баласын уәзірдің әйеліне еміздіріп, уәзірдің баласын ханның әйеліне еміздір...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Момынбай мен жеті қарақшы

Ертеде өз еңбегімен дәулетқұрған Момынбай деген кісіболған екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қарыпқасер, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол елде сонымен қатар дүниені құрытқан, қрлық-қарлық, залымдықпен аты шығып, жеті қарақшы атанған бір жеті қу болған екен. Күндерде бір күн бұл қарақшылар өз...

Genre: Новеллалық ертегі Year: 1909 Region: Қазақстан Collector: Н.Н. Пантусов

Шахман мен Сұлтанхан

Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың тісі ауырыпты. Пайғамбар түні бойы тісінің ауруына шыдамай түрегеп жүріп, әйеліне: —Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны бөлінер ме екен,—депті. Әйелі: —Менің әңгімем сіздің ауруыңызды бөлуге әсер беріп, қандай қызықты болар дейсің, одан да осын...

Genre: Новеллалық ертегі Region: Қазақстан
Previous Page 227 of 254 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment