Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4273 Total records
174,654 Unique word forms (full index)
4009 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4273 records

Өзбек хан туралы

Өзбек хан заманының төрт әулиесіне Алладан: «Өзбек ханға барып, оны ислам дініне кіргізіңдер» деген аян келеді. Алланың бұйрығымен олар Өзбек хан ордасының сыртына келіп отырып, өздерінің ғибадаттарын жасай береді. Ол кезде Өзбек хан сарайында сиқыршылар мен дінсіз көріпкелдер мынадай сиқыр көрсететін еді: Олар Өзбек х...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Хулаку қырушы

Хулаку қырушы деген бір заман болған. Сонда бұл Хулаку қосын тартып, Ферғана заманын харап қылған. Сол жүрісінде бір шаһарды барып қамап тосады екен: – Елші жіберсін маған! – дейді екен. Елші келсе: – Мені бұл жерге кім ап келді? – дейді екен. Елші: – Сізді бұл жерге Құдай әмірі ап келді, – дейді екен. – Ендеше, сол Құ...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Байшегір баба (ІІІ нұсқа)

Әмір Темір бір елді жаулауға шығар алдында Түркістанға келуді, оның қасиетті топырағының бір уысын орамалына түйіп алуды әдетке айналдырған. Сол дағдысы бойынша Түркістанға келіп, қасындағы жан серік ақылмандарын жинап әңгімелескен. Жорық жайын сөз еткенде сарай ақыны Кермани: – Уа, хан ием, тағы да жорыққа аттанғалы о...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызуы (ІІ нұсқа)

Әуелде Қожа Ахметтің басына кесене орнату Әмір Темірдің ойына келмеген жайт. Бұған әсер еткен сарай ақыны Кермани. Басқалар азуы алты қарыс Әмір Темірге қарсы бір ауыз сөз айта алмайтын. Ал Кермани: «Хандар, патшалар дүниеге өлім себеді. Олар – өмірдің жауы. Дүниеге өмір ұрығын себушілер – аналар. Оларсыз өмір жоқ. Бәр...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызуы (І нұсқа)

Күндердің күнінде Әмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», – депті. Сонда Әмір Темір: «Мен сені қайдан табамын?» – дегенде, – «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын», – деген екен. Сонымен [тәуекелге]...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Ақсақ Темір мен домбырашы

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келеді. Ол кісінің құрметіне сол жердегі домбырашылар түгел жиналады. Олар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартады. Түн ортасы ауған кезде Ақсақ Темір әлгі домбырашылардың бәрін таратып жібереді. Солардың ішіндегі өзіне қатты ұнаған біреуін алып қалады. Оның екі көзі су қараң...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: А.Бисенғалиқызы

Әмір Темірді тоқтатқан ана (ІІ нұсқа)

Ел шауып, жер басып алу жөнінде аты шулы Шыңғыс ханнан кем түспеген Әмір Темір көреген елдің боздағы мен аруын, сәбиі мен кәрісін, қызы мен кемпірін қынадай қырып, қанын судай ағызған. Ақсақ Темір деген атты есіткенде жылаған бала дауысын өшіріп, сөйлеген жан сөзін қойған. Оның қаттылығынан қайыспаған ел, қамықпаған ад...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Е.Құлпейісов

Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі (І нұсқа)

Орталық қаласы Самарқан болған. Әмір Темір өте жауынгер болыпты. Бір жылда алты мемлекетті шауып алыпты, ақырында қаласын алмақшы болыпты. Сұлтан Баязит деген кісіні тізе бүктіріпті. Соғыспай көп олжамен қайтыпты. Қайтып келе жатқанда теңіздің жағасында балық аулап жүрген кедейдің он алты жасар баласын алып кетіпті. Са...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1959 Region: Қазақстан Collector: И.Өкпенов

Әмір Темір көреген (ІІ нұсқа)

«Әмір Темірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен!» десіп келеді. Сегіз жасар күнінде намаз жамиғатқа ең әуел хұтпа намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң, шешесіне айтыпты: – Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін, мешітке кірісімен, Қағба Алланы көріп...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Әмір Темір көреген (І нұсқа)

Бұрынғы заманда Бұхарай-Шәріпте бір қасиетті керемет иесі әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп, азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күнлерде бір күн Бұхара ханының ақтаяқтары әулиенің баласын бір жаман іс қылған орыннан ұстап алып, ханға алып бармақшы болғанда: – Әуелі тақсырдың өзіне алып барып алдынан өтейік. Со...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Ақсақ Темір

Тұранның даңқы әлемге тараған әмірі Ақсақ Темір қалың қолмен жырақтағы жауға аттанып бара жатып Түркістан шаһарына соғыпты. Алыс жолдан арып-ашқан әскері демалуға үй-үйге бөліне бастапты. Ақсақ Темірдің өзі бір оқшау үйде оңаша қонып отырғанда, үй иесі кемпір оның алдына табақпен бидай көже әкеледі. Қарны ашып келген Т...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1980 Region: Қазақстан Collector: М.Рүстемов

Сәтемір хан (Ақсақ Темір)

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып, күндерде бір күн далада ойнап жүріп, бір бұзылған үйдің түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап тұрса, бір аяғы ақсақ құмырсқа үйдің төбесіне қарай бара жатып, орта жеріне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы өрмелейді. Бағанағыдан жоғары барғанда тағы құлап түс...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Ақсақ Темір туралы (ІІ нұсқа)

Ақсақ Темір өзі жетім бала болады. Сол Ақсақ Темір жәна сол сияқты кілең жетім он төрт бала болып, кісілердің малын бағатын көрінеді. Үйсіз-күйсіз жетім, панасыз балалар далада малда жүріп, күні бойы ермек етіп, бір-бірін хан сайлап, басқалары бұйрығын орындап сөйтіп жүреді екен. Жәна олар күн сайын біреуі, күн сайын б...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы (Құмырсқадан алған тағлымы) (І нұсқа)

Ақсақ Темір тохан әрі жас, әрі жетім, әрі ақсақ бала екен дейді. Бірақ жас болса да ол өте зерек, байқағыш, қырағы, мықты болған екен дейді. Бір күні бұзау бағатын қырық бала сапарға кетіп қалады. Өйткені олардың аяғы сау, дені сау. Ал Ақсақ Темір тохан өзі ақсақ, оларға ілесе алмай ақсалаңдап, ақырын жүріп отырып бір...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1941 Region: Қазақстан

Ақсақ Темір (ІІІ нұсқа)

Тарағайдың ортаншы әйелі Тәкинә қатын осы Темірге екіқабат болған кезінде түс көреді. Түсінде Қызыр ғали әссалам әулиеден бала сұрайды. Әулие оған денесі тастан, жүрегі дүниенің ең нәзік гүлдерінен жаралған ұл береді. Емшегін жөндеп еме алмаған баласын анасы құйрығынан салып қалғанда, тастан жаралған баланың денесінен...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: А.Тұрғанбаев

Ақсақ Темір (ІІ нұсқа)

Түркі тұқымдас Барлас руынан шыққан Шахрисябз биі Тарағай түс көреді, түсінде биік таудың басында тұр екен. Түн тастай қараңғы. Тарағай бидің қолында болат қылыш бар. Қолындағы қылышынан сол шақта найзағай оттары жарқылдай дүние жүзі жап-жарық бола қалады. Тарағай би оянып кетеді. Бірақ сол түні оған ақ киімді, ақ сәлд...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: А.Тұрғанбаев

Ақсақ Темір (І нұсқа)

Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сырдария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемп...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Жусанда туған жердің иісі бар

Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін Мысыр елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бейбарыс уақыт өте келе өзінің мықтылығының арқасында әскербасы болып, кейін елді басқарған патша болыпты. Оның Бейбарыс деген атын...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз

Шежіренің һәм елдің айтуынша, қазақтың әуелгі ханы Алаша хан деген болған екен. Түркі халқының бәрі де өздерін өзінің батырларының, не хандарының есімімен атамақ рәсім екен. Сол себепті қазақтар өзін «Алаш» деп, яки «Алаштың халқы» деп атаған. Мұны қазақтың мақалы да көрсетіп тұрады. Мәселен: «Алаш алаш болғалы, Алаша...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Жошы хикаясы (ІІ нұсқа)

Жалғыз баласы Жошы бала күнінде аңға шығып, аты құланмен елігіп, желігіп, бала атына ие бола алмай, аттың басын тоқтата алмай жығылып, ат сүйретіп өлтірген. Қасында бірге шыққан жігіт-желеңі ел бетін көре алмай қашып, зым-зия жоғалып кеткен. Аңға кеткен бала келмеген соң хан да, жұрт та түйсінген. «Бұл бала енді жоқ бо...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан
Previous Page 26 of 214 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment