Іздеу интерфейсі

Фолклор мәтіндері корпусы

Аннотация үдерісі, дәйексөз беру және көптілді оқу үшін жасалған зерттеу интерфейсі

732 Жалпы жазба
93,988 Бірегей сөзформа (толық индекс)
11025 Құжаттың орташа ұзындығы
Тазалау

Нәтижелер: конкорданс, жиілік, коллокациялар

Корпус жазбалары

20 / 732 жазба көрсетілуде

Бозінген

Бұрынғы заманда Бағланбай деген бай бар екен. Оның дүние малы көп екен. Көп малының ішінде бозінген деген бір жақсы түйесі бар екен. Бозінгенді барлық малынан жақсы көреді екен. Бірақ Бозінген ешбір бота таппаған екен. Бір күні бай ел-жұртын жинап неше биелер сойып той қылып жұртынан кеңес сұрапты: —Менің жақсы көретін...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ә.А. Диваев

Бір өгіз

Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті. Жылдар өтеді, шал-кемпір картая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды. – Қой, болмас, – дейді бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Н.Төреқұлов

Өгіз, айғыр, жолбарыс

Ертеде бір аңшының ақтоқал өгізі, бір ақбоз айғыры болыпты. Оның бұл екі көлігі орман жыртқыштарының тілін біледі екен. Бір күні аңшы ақтоқал өгізге бастыра отын артып, жолына түсіріп айдап жібереді де, өзі айғырын іздеп артта қалады. Ақтоқал өгіз үйреншікті жолмен жүріп, бір қайқаңға келгенде омырау жібі кеңірдегін қы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 2002 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Нұрлыбек Берелбекұлы ATU СУС151А

Жақсылыққа жамандық

Кез келгендерді сүзе беретұғын, сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішінен бар пәрменімен сүзгілеп топырағын түсірсе де, басқа түскен пәледен құтыла алмайды. Бар хәлі кеткен соң, істің жаманға айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлетінін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу мені құдықтан шығарып алар д...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1894 Өңір: Kazakhstan ATU ТМW154

Өгіз, есек ертегісі

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болған екен. Екеуі бір сахара жерде жүріп, бір қалың баққа кірген екен. Бақтың өлеңдеріне тойған соң, есек қатты бақырмақшы болғанда, сонда өгіз айтады: «Бұл жерге біз ұрлыққа келгенбіз, сен ақырма», – дейді. Есек айтады: «Қарын тойған соң ақырмақтан абзал нәрсе болмайды», – дейді дағы...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 214

Сиыр мен теке

Бір кемпірдің бір сиыры мен бір текесі болыпты. Сол сиыр менен теке малда бірге жайылады екен. Сиыр сауған мезгілде де айналып тұрмайды екен. Сонда кемпір сиырына нан, тұз алып келіп, беріп айтады: «Тыныш тұр шырағым, мә,мә, тағы алып келіп беремін, бірақ түзу тұр», – депті. Екінші күні кешке теке сиырдан бұрын өрістен...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1890 Өңір: Kazakhstan

Құрым сары айғыр мен сыншыл шолақ қасқыр

Бұрында бір бай болған екен. Ол байдың жылқысына сан жетпейді. Ұшан-теңіз көп болыпты. Осы жылқының басы – бір айғыр екен. Байдың барлық жылқысы да бір, осы айғыры да бір екен. Мұы құрым сары айғыр деп атайды екен. Мұның үйірін еш уақытта жылқышы бақпайды, құрым сары айғыр өзі бағып, иіріп, қайырып, өргізіп, тұрғызып ж...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Ысқақұлы Есімхан

Жануарлардың арманы

Бір күні ат, түйе, ит, мысық төртеуі кездесіп, армандарын айтысады, сонда мысық: – Сүт көп болса, тойып алып, мештің түбінде тырайып ұйықтар ма еді, ә, – депті. Ат: – Сүті құрсын, көк шөп пен сұлы болып, күрс-күрс шайнап тұрар ма еді десеңші! – депті. Ит: – Шөп пен сұлы тамақ па? Шіркін, майлы сүйек пен жуындыны айтсаң...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1989 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Шолп

Баяғы заманда жидек орманмен көмкерілген бір көл болыпты. Онда алты қоян мекендейді екен. Бір күні әбден пысқан бір жидек биік ағаш басынан көлге «шолп» етіп түсіпті. Оның не екенін білмеген қояндар шыбын-шіркей қаша жөнеліпті. Ытқып келе жатқан қояндарды көрген түлкі олардан: – Неге қашып келесіңдер? – деп сұрапты. –...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Асқақ аққу

Ертеде бір өзеннің жағасын бір құндыз бен бір аққу мекендепті. Олар көрші отырса да, асқақ аққу әспенсіп, өзінің көріктілігін, көргіштігін мақтан етіп, көзім елбең еткен елесті алыстан шалады деп күпінеді екен. Ол «құндыз сияқты қысық көз, алысқа көз аясы жетпейтін неме менің теңім емес» деп қарайды екен. Күндердің бір...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1957 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Піл мен түлкі

Баяғы заманда, бір таудың бөктерінде тұңғиық гүлмен көмкерілген бір көл болыпты. Көлдің бір жағында піл, енді бір жағында түлкі жасапты. Бір жолы піл тұңғиық көлінен су ішіп қайтып бара жатқан жолында түлкіге жолығып қалыпты. Сонда түлкі: – Менімен сайысуға шыдайсың ба? Сайысуға шыдамасаң, дөдеңе жол бер, – депті. Піл...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1963 Өңір: Қазақстан Жинаушы: Қ. Әкежанұлы

Бұланның өкініші

Күнде келіп су ішетін көлшігінен бір күні өзінің судағы сағымын көрген бұлан «Мүйізім келісті-ақ, бірақ аяғым неткен жаман. Мүйізіммен сай аяғым да әлді, әдемі болсашы!» деп өз аяғын өзі қорашсыныпты. Бұлан суға телміріп осыны ойлап тұрғанда аяқ астынан пайда бола кеткен қасқыр тақымынан ала кеп түсіпті. Жұла қашқан бұ...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1999 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Қапас Әсейінұлы ATU СУС77

Тырна мен Көкқұтан

Бір шалшықта бір көкқұтан мен тырна мекендеп тұрыпты. Тырна жалғыз тұруға қапаланып, көкқұтанға барып айтыпты: – Мен сені өзіме айттыра келдім, маған ти, екеуіміз бірге тұралық деп. – Жоқ, саған тимеймін, сенің жүнің қысқа, жаман ұшасың және де сен мені немен асырайсың? – деп, көкқұтан жауап қайтарады. Тырна үйіне қайт...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1912 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Көбеев Спандияр ATU 244А ATU АА244І ATU СУС244А

Мұжық пен аю

Мұжық бақша салып жатыр еді, аю келді. – Не істеп жатырсың? – дейді. Мұжық: – Кел мұнда, картобымды орнатыс, тамыр болайық, – дейді. Аю, қорыс етті. Келді, бұрқыратып жерді қазды, орнатты. Бір мезгілде жасарып картоп сабақтары бетіне шықты. Аю: – Бұдан маған қайсысын бересің? – деді. Мұжық: – Осы көрініп тұрғанды берем...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan ATU 1030 ATU СУС1030

Аттың басы

Далада аттың бас сүйегі жатыр. Келді жүгіріп ін қазғыш сұр тышқан. О, о! Міне! Қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. Ешкім дыбыс бермеді. Енді мұнда ін қазғыш сұр тышқан тұрады деп жүгіріп үйге кірді. Тарбақтап секіріп бақылдауық бақа келді. Міне!...қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мен, иесі –...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Қазақстан Жинаушы: Ә.А. Диваев ATU 283

Не дәмді?

Бір күні қорада тұрған жануарлар қандай тағам дәмді дегенге таласып қалыпты. Әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын дәріптесіпті. Байлаудағы ала сиыр өкірештей жөнеліпті: «Шіркін, пішен мен таза жемге не жетсін! Солардан дәмді бұл дүниеде бірде-бір тамақ болуы мүмкін емес!» Бұған келіспейтінін танытқан қой мекірене...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Екі әтеш

Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп бағып-қағыпты. Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды. – Шіркін, мынаның бәр...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Тау мен қаңбақ және бүркіт

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау: – Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, неғып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып: – Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі сені іздеп келдім, – дейді. Тау бұған...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Жыл: 1964 Өңір: Kazakhstan Жинаушы: Н.Төреқұлов ATU ТМJ953

Сауысқан

Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты. – Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің. – Саған ши...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan

Көбелек пен маса

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан масаның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді. Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да, сес көрсетеді: – Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер менің мекенім! – деп әкіреңдейді. Бұған көбелек сасп...

Жанр: Хайуанаттар туралы ертегі Өңір: Kazakhstan
Алдыңғы 26 / 37 бет Келесі

Анықтамалық

Корпус метадерегінде қолданылатын атаулар мен баламаларды шолыңыз.

Мақалалар

Мақалалар, зерттеу нәтижелері

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Жоба туралы мәлімет

Бұл корпус қазақтың фолклорлық мұрасын цифрлық ортада сақтау, зерттеу және оқыту мақсатында құрылды