Қара өлең үлгілері
Басыңда түлкі бөрік түбіттеген, Болар ма сенен артық жігіт деген. Ауылға осы тұрған бір келмейсің, Түстің бе ақ сандыққа кілттеген.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Басыңда түлкі бөрік түбіттеген, Болар ма сенен артық жігіт деген. Ауылға осы тұрған бір келмейсің, Түстің бе ақ сандыққа кілттеген.
Аспанда қыран бүркіт айналады, Бозбала той дегенде сайланады. Өлеңді шу дегенде қоя бермей, Жақтары жамандардың байланады.
Сере шығар семізді сойғызған үй, Табақ-табақ ет тартып, тойғызған үй. Той жасапсыз сәрсенбі сәтті күні, Тойыңыз құтты болсын той қылған үй.
Тиын екен, ендеше, тиын екен, Жинай берсе тиынды, бұйым екен. Әрқашан да қиналмай той бастаушы ем, Тойын бастау балалардың қиын екен.
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара шөлге қонып саңқылдаған. Дегендер мен жақсымын толып жатыр, Жақсылық өз басымен артылмаған.
Қарағайлы дегенде, қарағайлы, Қарағайды көп жылқы аралайды. Жақсы-жайсаң осындай бас қосқанда, Бекер қарап отырған жарамайды.
Ақ самаурын қайнайды шүмегі алтын, Қатар жүрген құрбыңмен болма салқын. Қатар жүрген құрбыңмен болсаң салқын, Бұрынғыдай болмайды көңілің жарқын.
Отырсың ағаш үйдің бөлмесінде, Жақсының иман тұрар кеудесінде. Жастығың бұл өмірде бір-ақ келер, Мен кепіл бір өткен соң келмесіне.
Жігіттер, неге отырсың өлеңдетпей, Қалыңдар өлеңдетіп заман өтпей. Қызығы бұл жалғанның ойнап-күлген, Бір шылбыр, екі тізгін қолдан кетпей.
Ажарың ақ түлкінің ажарындай, Жаманға салма, құдай, назарымды-ай, Ауылыңнан қыз кеткен соң қызық кетер, Тарқаған Қояндының базарындай.
Ұстағаным қолыма бұйда пышақ, Сәулем, сені көрдім де жайдым құшақ. Қасиетіңе мен сенің болдым риза, Айдын көлдің аққуы өзіңе ұқсап.
Ақ көйлек жыртылмайды кең болған соң, Ойнайды қатар құрбы тең болған соң. Өлеңді осында айтпай қайда айтайын, Көңілді көтеретін жер болған соң.
Тағы да алтай қарсақ, алтай қарсақ, Көруші ед қыздар жақсы қартаймасақ. Бұ қыздар өздігінен кел демейді, Қасына түнде барып жантаймасақ.
Тал мен қайың, құрбым-ау, тал мен қайың, Саулық барда білмейсің ауру жайын. Қамшының сабындай тіршілікте Ағызайық көмей мен тілдің майын.
Үлкен үйлер, ендеше, үлкен үйлер, Үлкен үйге жарасар тұтқан шилер. Үлкен де отыр бұл жерде, кіші де отыр, Қандай өлең айтайын, аға-билер?!
Көрінер ай астынан алтын кірпік, Жаманға жоламаймын бойым үркіп. Бойыңда мың теңгелік иіс майың, Жіберші ойнаған боп маған бүркіп.
Жыңғыл қайық, ендеше, жыңғыл қайық, Ауылыңда қыз бар ма бізге лайық. Ауылыңда қыз болса бізге лайық, Екі ауылдың арасын із қылайық.
Жарасар салсам тоғым боз тарланға, Көңілім орнықпай жүр сұм жалғанға. Сол көңілдің тарқасын шері болса, Тарқар болса шырқатып ән салғанда.
Сен дегенде, сәулежан, ойым бөлек, Он жасымнан өлеңге болдым зерек. Бағаласам, бағаңа жан жетпейді, Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.
Мен істеймін жұмысты өндірісте, Оңтай тапсаң, жарасар әрбір істе. Озып шығып қатардан жүлде аламын, Мен сенемін бойдағы қайрат-күшке.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment