Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4304 Total records
174,940 Unique word forms (full index)
3981 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4304 records

Елатанның Тобықты атануы

Ерте заманда қазақ, қалмақтың шабыншылығында бір қояндай боз атқа мінген қазақ қатыны қашқан-босқан елдің соңынан келіпті: «Қалмақтан қашып құтылдым», – деп,өзі екіқабат буаз екен. Келгенмен, бұл елде байы да бар бола қоймапты. Үй жоқ, күй жоқ, оны ала қоятын елде тірі жүрген қатынға бай жетпей жатқан күн. Өзі балгерлі...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Ырысбике

Жаманайдан: Қойсары, Қозыбақ, Ырысқұл, Сағынай, Тайлақ. Ырысқұлдың қатынының аты – Ырысбике. Өзі он екі жасында Естектің жауласқандары өлтіріп кетіп, Қыпшақтан шыққан Қошқарбай батыр нағашысы екен, қанын жоқтап, барып Естекті шапқан. Осы күнде шешелерінің атымен «Ырысбике» атанып кеткен.

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қаржау руы

Мен өзім Пабладарда тұрдым. Керекудің о жақ, бұ жағынада қатынап жүрдім. Шежіреге жүйрік, айта білетұғын жанды таба алмадым. Бұрын жазып алып жүргендер кім көрінгеннен сұрап, айтқанын жазып ала берген. Менің сұрыптап, ақ тарыдай ақтарып жазғаным – осы. Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Ақмайданнан – Көкшекөз. Бұл Көкшекө...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Апай – Бөрі (ІІ нұсқа)

Жесір қатын Апай атанғаны Қаракесек қатыны еді деседі. Байы өлген жесір қатын үй-ұланымен, қара-қорасымен төркініне келген. Артынан Қаракесек іздеп келіп, «бұрында тапқан бала-шағасы болса керек, буаз екіқабат кетіп еді» десе керек. Ер ұл тапқан екен де, оны бөтен жерге асыратқан екен. «Екіқабат келмеді» деп жан беріп,...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдан сөйлейік

Бұл Олжабай батырдың туысы – он үш жасында «Айдабол би» атанған Айдабол-Күліктің Айдабол ұрпағынан шыққан. Айдабол бидің бәйбішесінен: Жанғозы, Малғозы, Кенжеғозы, ортаншы қатынынан: Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, кенже тоқалынан: Қожакелді, Тайкелтір. Осының бәрі де өсіп-өніп ру-ру ел атанған. Жалғыз-ақ, бәйбішенің кенжес...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Жалаңаяқ Әздер

Жалаң аяқ Әздер жалаң бұт, жалаң аяқ жүреді екен. Бір үй тола отырған қыздарға: – Қайсыңның үстіңе сиейін, – деп, тасағын ұстап шаптырамын дегенде, қыз біткен үркіп қашып шыққан екен де, бір қыз етегін тосып алдына отыра қалған екен. Осы қыздан Көшен туып, «Көшен-Қарауыл» атанған. Атығайдан – Дәуіт жалғыз. Дәуіттен он...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Биеші руы туралы

«Он сан Орта жүзге ұран болған – Олжабай» деседі. Бұл сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады. Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып жүрген күндерінде бірін-бірі танымай тұғын екі жау кездессе, қайсысы бұрын «Олжабайлап» шапқаны жойып, жеңістік алып кете береді екен. Бірінен-бірі естіп, құлағы естіген қазақ жауға шапса...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан Collector: М.Ж.Көпейұлы

Күлік шежіресі

Әкесінің аты – Құлболды, шешесінің аты – Мақпал. Мақпал бәйбішенің тұңғышы – Күлік, ортаншысы – Тұлпар, кенжесі – Айдабол. Он үшінде Айдабол би [дің] аты әлемге жайылып, Сырдариясынан Сарыарқаға қарай өткенде, өткел аузында тұрған Алшын мен Қарақалпаққа Мақпал бәйбіше: «Артың болса, Айдаболдай ұл тап!» – деп өте берген...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

«Арғын болдың, әркім болдың»

Бұл Арғынның ішінде «Төлек», «Қырық мылтық» деген қара бауырлары бар кеше Кенесары-Наурызбай заманында, қырғыздың соғысында аты аталған батырлардың бірі болған Шәкір мен Төлебай – сол Жәуке Тоқал арғын Төлек деген таптан шыққандар. Шәкір – ноғай, Төлебай – Қырғыз Жәуке батырдың бұрынғы аты. Төлектің – Бөлек екендігіне...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қозыбай – Шолақ

Қалы Төлебайдың заманында Айырғақты-Шөптемістен шыққан бір жігіттің аты – Төлебай екен. Бай болып, заманындағы қожаға нәзір-ниязды үсті-үстіне төпелеп бере бергендігінен «қожа, істік мұрт» деп атап, сонан «Істік мұрт» атанып кеткен. Кеше Мұса Секербай заманындағы қариялар бәрі де «Айырғақты-Шөптеміс» деп қақсап кетті....

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Айырғақты-Шөптеміс

Ерте заманда жалғыз түйемен жүріп саудагерлік қылған бір сарт болыпты. Түйесіне мініп, алашаға буып алған ұсақ-түйегімен ана ауылға да, мына ауылға да танымал болып «Айырғақты» атаныпты. Сонда Қанжығалының қызы жасырын жұмыстан еркек бала тауып, баласын шөптің ішіне жасырып тастаған жерінен жұрт тауып алып: «Бұл бала қ...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қойлыбай – Орыс ауылы

Қойлыбай – Шағырайдың Қойлыбайының баласы. Әкесі Қойлыбай бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылайханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң: «Осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлектемей ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсысың қонаққа аласың?» – дегенде, Қойлыбай бай: – Өмірінше бол...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Төртуыл – Сарқозған

Нұрфая бәйбіше кенже баласы Сүйіндікті, Қаржасты, Бегендікті, Шегендікті – төртеуін бала қылып, төртеуіне қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін «Төртуыл» деп атаған екен. Бегендік өлген соң қатынын Сүйіндік алып, Оразкелді Бегендіктен туып қалған бала екен. Сүйіндік алған соң онан Суғыншы туады. Оразгелді, Суғыншы...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Орынбай ұрпағы

Қарсұн – Кернейдің Қарсұнынан Қыдыр батыр шыққан. Қыдыр батырдың жас баласы олжаға түсіп кеткен. Сонан соң Қыдыр батыр зерттеп, қоймай, қалмаққа жеті барып, жеті жас баласын алып қайтыпты. Сонан соң қалмақ елші жіберген: «Біздің балаларымызды алып келіп, баласын алсын!» – деп. Сонда Қайып төре деген төреден де бір жас...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қара өлең үлгілері

Өнерсіз болсаң, несін есіресің, Қоясың өнерлінің несіне сын. Көре алмай қанша тарлық еткеніңмен, Дарынның жей алмайсың несібесін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жыламан қарнымның ашқанына, Жылаймын қадірімнің қашқанына. Қорлықпен күн кешсем, тек мен кешейін, Келмесін балалардың бастарына.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кетеді құс бір жаққа, қыс бұл жаққа, Ауысып орындары тұрған жоқ па?! Құдайым онан берсе, мұнан қағар, Бақ пен сор болады егіз әр уақта.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құмға қазық бекімес қаққанменен, Итке қоңырау жараспас таққанменен. Өнер іздеп жігітке өзі келмес, От басында омалып жатқанменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең. Еркіңнен, елдігіңнен не қалады, Әркімнің айдауына қойдай көнсең.

Genre: Қара өлең

Кенжеқара

Алтайдың балалары: Байбикеден – Алысай, жаңа алған қатыннан: Нұрбай, Аққоян, Әліке, Байдалы, Сайдалы. Кенже тоқалдан, бұл – тоқал Қанжығалы Ысқақбайдың қызы, мұнан туған – Мойын. Бұл тоқал қалмаққа олжаға түсіп кетіп, қалмақтан келгенде бір бала көтеріп келіп, мұнда келген соң туған Алтай бабамыз «кенже қарам» деп айтқ...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан
Previous Page 57 of 216 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment