Қара өлең үлгілері
Арқан, жіп есе алмадың көшіп жүріп, Бас жіпке арқан бітті кесіп жүріп. Атыңды бос қоя сал, ат табылар, Жоғалса, кетем деме несін мініп.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Арқан, жіп есе алмадың көшіп жүріп, Бас жіпке арқан бітті кесіп жүріп. Атыңды бос қоя сал, ат табылар, Жоғалса, кетем деме несін мініп.
Қонақ келсе қазақтан дарқан бар ма, Арқандайын атымды, арқан бар ма? Тым болмаса атыма тұсау беріп, Көмектесер осы үйде қалқам бар ма?
Бәрекелді ата-ана табысына, Қимылдап қал, қызыл тіл, намысыңа. Майын мінген көрінген байтал түгіл, Ілеспеген сан бедеу шабысыма.
Әкемнің арлан түскен қақпанына, Шешемнің ризамын тапқанына. Қойға жетпес қойторы, сені қойшы, Ілеспеген сан саңлақ шапқаныма.
Жылқы айдаймын көшкенде борбаспенен, Ортан жілік бітеді жамбаспенен. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Ауыл-аймақ аман ба мал-баспенен?
Сұрасаң руымды—ағымсары, Таулардың тасқа бітер сарымсағы. Барында оралыңның ойна да күл, Мәңгі емес, жан—Құдайдың алымсағы.
Жүрген жер көшке қозы жым болады, Білмеген жеті атасын мін болады. Таратып танысайық айта отыр, Руың, ата-бабаң кім болады?
Тартқалы алып келдім алтын табақ, Табаққа қазы-қарта қойдым қабат. Сұрасаң руымды мен айтайын, Бақ қонған ата-бабам он екі Абақ.
Естідім жақсы лебіз, жылы үніңді, Баладым бақыттыға бұл күнімді. Сұраған ата жөнін парыз дейді, Айта отыр арғы ата-руыңды.
Көшкенде жылқы айдаймын тау сағалап, Жаңылар жүрісінен шаршаған ат. Келейін енді аяңдап өз жайыңа, Жүрсің бе аман-есен, сау-саламат?
Келемін төменінен өрлегелі, Пенденің көріседі өлмегені. Жүрмісің аман-есен, қос қалқатай, Көп болды өздеріңді көрмегелі.
Мінгенім дәйім менің боз жорға тай, Қонғаны ауылымның көк жылға сай. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүрсің бе аман-есен, қос қалқатай?
Мінгенім дәйім менің қара шұбар, Табаны тасырқамас тағасы бар. Ауылым қыс Жайсаңда, жаз Марқада, Аман ба қайын жұрт пен нағашылар?
Күміспен айшықтадым ер қастарын, Аулыңның танушы едім көп жастарын. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба жолдас-жора, құрдастарың?
Ежелден қара сөзге шешен елім, Жібермес өлеңнен де еселерін. Ибалы өздеріңдей қыз өсірген Аман ба үйдің құты—шешелерің?
Қалқатай, неткен сұлу, әсем едің, Қаласаң, көктен жұлдыз әперемін! Бастайын жөн сұрауды үлкендерден, Аман ба отағасы—әкелерің?
Қарақат, пісті тауда қызылқатым, Төгілер, сені ойласам, көзден жасым. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүр ме екен аман-есен, асылзатым?
Әріптес, алдыменен ән бастадың, Сұрасам амандыққа, дәл бастадың. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Аман ба ауыл-аймақ, мал-бастарың?
Белімді босатпайды боз белбеуім, Бұл тойда жақсы болды кез келгенің. Армандап жүруші едім жолығуды, Жүрсің бе аман-есен, көзкөргенім?
Қалқатай, көріскенше аман боп тұр, Көңілім айырылғанға жаман боп тұр. Келесі тойда тағы кездесерміз, Қара өлең бұл тойдағы тамам боп тұр.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment