Қор болмас бұл дүниеде Құдай деген, Хикаят мен сөзлейiн талай жерден. Бар екен Сұлтанмахмұт падиша, Шаһарының аты болар Борай деген. Бар екен сол патшаның үш ұғылы, Көп адам сұлтанатта болған құлы. Бай екен көп патшадан сол заманда, Қолында қисабы жоқ көп-тi пұлы. Қылғаны әскерiне ойын-күлкi, Өзiнiң Құдай берген көп-тi...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Ұлы жүздің шанышқылы руында Бердіқожа деген батыр болады. Ол өзінің жалғыз ұлына Тауасардың баласы (Тауасар – Өтеғұлдың інісі Өтептің баласы) Малдыбай бидің қызын алып беру ниетімен Малдыбай ауылына құда түсіп келеді. Малдыбай Бердіқожаны жолдас-жоралары мен күтіп, сый-сияпатын көрсетеді. Таңертең ертелеп Өтегенмен ақы...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1943
Region: Қазақстан
Бірде Қыстаубай деген кедей адам Қоңырдағы дауын шештіру үшін Абылайға келеді. Абылай Қыстаубайды тыңдап болған соң: – Бұл дауыңды шешсем, маған не бересің? – деп сұрайды. Қыстаубай: – Тақсыр, менің сіз алуға жарайтын нем бар дейсіз? – дейді. Абылай: – Сенің он төртке келген бойжеткен қызың бар. Сол қызыңды Ақбердіге б...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бір жылдың тамыз айында Өтеген өз руластарын жинап алып, қыстың қатты, малға жайсыз болатындығын айтып, малға жайлы жерге қоныс аударуға шақырады. Ауылдың қариялары: «Өтеген біліп айтады, малдарыңды айдап, Өтегенге ілесіңдер», – деп балаларын Өтегеннің көшіне қосады. Жолда олар бірнеше ауылды басып өтеді. Өтеген ол ауы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Өтеген далада жүріп, бір күні кешке таман Албан деген елдегі Әжібай деген өзімен қатарлас бір азаматтың үйіне қонуға келсе, Әжібай үйінде жоқ екен. Әжібайдың әйелі Өтегенді қондырып, қонақасыға қой сойып, ішек-қарнын аршып, бас-сирақ үйтіп жүргенде екі тұлым, бір кекілі бар үш-төрт шамасындағы бала қыңқылдап жылай берг...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1943
Region: Қазақстан
Өтеген бір күні базарға келіп, аралап жүріп, өзімен рулас Жүсіп деген адамды кездестіріп қалады. Жүсіп ақшаға мұқтаж болып тұр екен, батырды көріп қуанып кетеді, қарызға ақша сұрайды. Өтеген оған бір апта мерзімге отыз сом ақша қарыз береді. Сөйтіп, арада үш апта өтеді. Жүсіп қарызға алған ақшасын қайтармайды. Өтеген Ж...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Арқада Алтынбек деген батырдың асы болып үш жүздің баласына түгел сауын айтыпты. Асқа жора-жолдастарымен Өтеген де келеді. Ол алдымен «ханға сәлем берейін» деп Абылай отырған үйге бұрылады. Хан алты қанат ақ үйде тоқсан тоғыз бимен әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Үй сыртынан ат үстінде тұрып тыңдаса, Абылай: – Билерім, д...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Асан деген бір кедей Өтегеннен бір аттың майын сұрап мініп, алты-жеті жылдай бермей қашқақтап жүріпті. Бірде Өтеген Асанды кездестіріп калады да, оны алып келуге жігіттерін жұмсайды. Жігіттер Асанды атымен басып ұстап, Өтеген мен Абылайдын алдына алып келеді: Өтеген Абылайға: – Мен бұл атты жиырма жорғамен бірге жоғалт...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бiздерге жәрдем бергiл, Азим, Сұбхан, Жаралды кәф, нуннан мұнша ғұлман. Бұ сөзiме жәрдем бер, Жомарт Патшам*, Сөйлеуiм жәрдем берсең болар асан. Бiр Алла, тұғры сөйлет тiлiмiздi, Шығарма жаман сөзден мiнiмiздi, Батин, Заһир, ашқайсың көзiмiздi Махшар күн ғарасат майданында. Өзге сөз дәмiн татсаң кеңес емес, Бұ сөзiм қа...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Әуелi жад етемiн Тәңiрiм атын, Сұрайды пенделерi онан датын. Баһауи қағаз бенен қалам алдым, Айып етпе, жарандар, жазған хатым. Тағы да сөз бастаймын бисмилла деп, Дүниеде толып жатыр һәр түрлi кеп. Бұрынғы өтiп кеткен адамдардан Ойландым бiраз қисса қылайын деп. Бiр қисса шығармаққа жазған хатым, Алланың тiлiме алып е...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Collector: Қошанов
Өтегеннің аман келгенін естіген әр рудың жақсылары, әз-киелілері түгел жиналады. Төле бидің көңілі көтеріліп, «өлді» деген Өтегеннің туған жерге аман-сау келгеніне арнап ақбоз айғырды шалдырады. Өзі де көңілі көтеріліп, бауырының сөзін жалықпай тындайды. Елден аттанған күннен бастап, қай жерде болғанын, қай елдерді ара...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Өтеген – халықтың жоғын жоқтап, еліне құтты мекен, жайлы қоныс іздеп жер-дүниені кезген жиһангер. Қасына қырық жігітті ертіп, Орта Азияны жалпақ кезіп, орыс патшасы сұраған елді де көріпті. Әр жердің топырағын қоржынына теңдеп, алып жүреді екен. Ақырында төрт түлік малға да, елге де жайлы Жиделібайсын деген жерді ұнаты...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1943
Region: Қазақстан
Өтегеннің әкесі Өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күндіз-түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүргенінде Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп: – Әй, Өтеғұл, өлген он екі ұлыңды қайта берейін бе, әлде он...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Атадан балаға мұра болып келе жатқан Өтеген батырдың – Мүйізді атамыздың шұбар тегенесі тарихтың тылсым түпкірінен көп сыр шертеді. Кезінде ұлы тұлға туралы көп зерттеп, көп деректер қалдырған Әділ Ділебаев атамыздың шұбар тегене жайлы көп әңгімелегені бар-ды. Ол кісінің әңгімесінен бір түйгеніміз, Өтеген батыр мен Абы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалдырып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын босатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып, шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың үстіне қойып, атын...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр балалары сол түні үйде болмапты. Ызаға булыққан қария жау соңына түседі. Айғайға елеңдеп тұрған ат «жау қайдасың» деп ала жөнеледі. Қаптал шапанының етектері далақтап құйғ...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1985
Region: Қазақстан
Collector: М.Рүстемов
Күн өте келе Қабанның қайраты ел көзіне түсе бастайды. Ол кезде Алтай елі де үнемі монғолдармен жауласып тұрады екен. Бір ретте монғолдар Алтайдағы қазақтардың жылқысын шауып әкетіп, бұған керейлер жағы адам аттандырады екен. Олармен бірге Қабан да барады. Осы кездегі айқастан Қабан ерекше көзге түсіп, жылқыны аман-есе...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қабанбай елінен аулақ сапарда жүргенде ежелден өштесіп, кек сақтап, қапысын тауып, аңдып жүрген қырғыздың Аманәлі деген батыры Қабанбайдың елін шауып, егер қылады. Қызын қатын, қатынын жесір, баласын жетім етіп, ел намысын аяққа басып, ар-намысына дақ салып, ер жүрегіне кешірілмес кек отын тұтатады. Ат жалын тартып мін...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: К.Байғұттыұлы
Қабанбай кәртейген тұсында ел азаматы келіп көңілін сұрап: – Сен алмаған жау болмады, сен жүрмеген жер болмады, сенде де арман бар ма екен? – депті. – Армансыз кісі бола ма екен, арманымды айтып берейін, естіңдер, – деп сөз бастайды. – Мен он жеті жасымда ат жалын жаңа тартып мінген кезім еді, қырық жігіт жолдас алып қ...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1956
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Бөрібаев
Қабанбай батыр жас кезінде Ұлы жүздің атойшыл батырлары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыскелді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес болып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін албан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті Қабанбайды...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан