Корпусқа оралу

Түлкінің трагедиясы

Жолбарыс пен арыстан өте тату достар екен. Көп өтпей олар балалап, қызмет бөлісіп, арыстан өз күшігі мен жолбарыстың күшігін бағып-қағатын, жолбарыс тауға шығып жем іздейтін болып келісіпті. Бір күні тауға шыққан жолында жолбарыс түлкіге ұшырасып қалыпты, түлкі оған: —Арыстан уәдеге опа қылмайтын, тым оңбаған екен. Ол...

Қазақша
Түлкінің трагедиясы
Жолбарыс пен арыстан өте тату достар екен. Көп өтпей олар балалап, қызмет бөлісіп, арыстан өз күшігі мен жолбарыстың күшігін бағып-қағатын, жолбарыс тауға шығып жем іздейтін болып келісіпті. Бір күні тауға шыққан жолында жолбарыс түлкіге ұшырасып қалыпты, түлкі оған: —Арыстан уәдеге опа қылмайтын, тым оңбаған екен. Ол сүтін өз баласына ғана емізеді, сенің балаң күнде қарны ашып шырылдап жатады. Күндердің бірінде ол сенің түбіңе жетеді, оның жүні қай күні үрписе, сол күні өзімді жейдідеп біл,— дейді. Сонан бастап, жолбарыс сақтық жасай бастайды. Ол әредік бос уақыты шыға қалса, үңгірлеріне қайтып келіп байқап жүреді, бірақ, ол қашанда өз баласының қутың қағып балпанақтай болып, өсіп келе жатқанын сезеді. Түлкі арыстанның да қасына келіп: —Жолбарыс қысқа күннің өзінде үңгірге неше дүркін келетін болып жүр, сізді жемекші екен, ол ылғи тау кезіп арып- шаршап жүремін, арыстан ыстық үңгірде рақатқа батып отырады деп күңкілдейді. Ол қай күні үш рет аунап, құйрығымен жер сабаласа, сол күні өзімді жейді деп біліңіз,—дейді. Мұны естіген арыстан да дел-сал болып қалады. Сол күні кешке қайта оралған жолбарысты арыстан мұқият бақылайды. Бірақ ол жерге үш аунап тұрып, құйрығымен жер сабалап болған соң қорылдап ұйқыға кетеді. Келесі күні тәңертең арыстан орнынан тұра жүнін үрпитіп, айбар шегеді. Оның бұл кеспірін көрген жолбарыс мені жейтін болды деп қорыққанынан дірілдеп кетеді. Мұны көрген арыстан: —Неге дірілдеп кеттің? Әлде тұмауратып қалдың ба?—деп жан тартып сұрайды. Жолбарыс түлкінің айтқандарын шашау шығармай айтып береді. Мұны естіп таңданған арыстан түлкінің өзіне айтқандарын қаз-қалпында жолбарысқа айтады. Осы кезде ағаш түбінде бұғып, баспалап қарап жатқан түлкі бұлардың әлде неге ерегескендей, түнере қалғанын көріп, жоспарым іске асатын болды деп ойлайды да, екеуін ерегестіре түсу үшін бұлардың қасына жетіп келеді. Сонан жолбарыс ойламаған жерден бұл түлкіні тарпа бас салып, қанын судай шашады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.