Ғылыми жаңалықтар

Фолклортану және цифрлық гуманитаристика бойынша жаңалықтар

Жаңалық жазбалары зерттеу инфрақұрылымы мен әдіснамалық жаңартуларды қамтиды.

Жалпы жазба
3
Тақырыбы: «Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпустық технологиялар, жасанды интеллект және лингвистикалық мұраны сақтау» Уақыты: 15 қазан 2026 16:00 Астана, Алматы  Масштабтау конференциясы

Құрметті әріптестер! Сізді 2026 жылдың 15 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы ұйымдастыратын AP26103909 «Фольклорлық мәтіндер корпусы: қазақ тілін цифрландырудағы лингвистикалық және ІТ шешімдер» гранттық қаржыландырылған жоба аясындағы (жетекшісі - проф. Қарлығаш Сарекенова) “Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпус технологиялары, жасанды интеллект және тілдік мұраны сақтау” тақырыбындағы жас ғалымдар мен оқытушы-профессорлық құрамға арналған халықаралық ғылыми семинар жұмысына қатысуға шақырамыз. Семинарға жас ғалымдар, докторанттар, ғылымға қызығушылығы бар сала мамандары қатыса алады. Семинарда корпус лингвистикасы бағытындағы, сондай-ақ тіл білімінің қазіргі өзекті мәселелерін зерттеп жүрген белгілі ғалымдар, тіл мамандары баяндама жасайды. https://us06web.zoom.us/j/82573477140?pwd=yStte3IefdI39loEDdQtaLt5pLBA1u.1 Подключиться (с заметками)

Толығырақ
“Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпус технологиялары, жасанды интеллект және тілдік мұраны сақтау» атты халықаралық ғылыми семинар  ақпараты

Құрметті әріптестер! Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасы AP26103909 «Фольклорлық мәтіндер корпусы: қазақ тілін цифрландырудағы лингвистикалық және ІТ шешімдер» гранттық қаржыландырылатын жоба аясында (жетекшісі - проф. Қарлығаш Сарекенова) “Фольклорлық мәтіндерді цифрландыру: корпус технологиялары, жасанды интеллект және тілдік мұраны сақтау» атты халықаралық ғылыми семинар өтетінін хабарлайды. Семинар мерзімі: 2026 жылдың 15 қазаны Өткізу форматы: оффлайн, онлайн Жұмыс тілі: қазақ, ағылшын, орыс тілдері, сондай-ақ материалдар қарақалпақ, түрік, татар, өзбек, қырғыз, башқұрт, азербайжан тілдерінде де қабылданады. Уақыты: сағат: 16:00 Өтетін орны: Астана қаласы Қажымұқан көшесі -11, аудитория: 203 (№5 ғимарат)

Толығырақ