Корпусқа оралу

Қасқыр мен лақтар

Бір ешкі тоғайда үй жасап, лақтарыменен сонда тұрыпты. Күндіз өзі тоғайға жайылуға барады да лақтарына айтады екен «Есікті мықтап бекітіп отырыңдар, ешкімге есік ашпаңдар!» дейді екен. Ешкі үйіне қайтып, мүйізімен есікті қағып өлеңдетеді: Лақтарым, қарақтарым, Естіді ме құлақтарың. Сүтін жинап келді әжең, Еміп, тойсын...

ATU 123 ATU СУС123
Қазақша
Қасқыр мен лақтар
Бір ешкі тоғайда үй жасап, лақтарыменен сонда тұрыпты. Күндіз өзі тоғайға жайылуға барады да лақтарына айтады екен «Есікті мықтап бекітіп отырыңдар, ешкімге есік ашпаңдар!» дейді екен. Ешкі үйіне қайтып, мүйізімен есікті қағып өлеңдетеді: Лақтарым, қарақтарым, Естіді ме құлақтарың. Сүтін жинап келді әжең, Еміп, тойсын тамақтарың, Аш есікті, шырақтарым. Шешесінің дауысын естіп балалары есікті ашады. Балаларын емізіп тойғызады да, қайтадан тоғайға кетеді. Мұны қасқыр көріп тұрып лақтарды жегісі келді. Ешкі кеткен соң, есік алдына келіп өлеңдете бастайды: Лақтарым, қарақтарым, Естіді ме құлақтарың. Сүтін жинап келді әжең, Еміп, тойсын тамақтарың, Аш есікті, шырақтарым. Лақтар дауысты естіді, шешесінің даусына ұқсамайды, қасқыр екенін білді. «Естідік, естідік, сенің даусың, әжем даусына келмейді, қасқыр екеніңді кім білмейді? Әйде, жөніңе жүре бер»,—депті. Есікті ашпады, қасқыр күтіп отырды-отырды, аузына түк түспеді кетті. Онан соң шешесі келді, сөзін тыңдағаны үшін балаларын мақтады: «Міне, есті болыңдар балаларым, есікті ашсаңыз, сіздерді қасқыр жер еді, жылап қалар еді аналарың».
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.