Корпусқа оралу

Ақ тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлады. Қасқыр қарғып түрегелді де, оны көріп жегісі келді. Тиін өтініп сұрай бастады, «Мені жібер» деп. Қасқыр айтты: «Жақсы, сені жіберейін, бірақ маған айт, неліктен сендер әр уақытта мұндай шатсыңдар? Мен әр уақытта қападамын, сендерге қарасам, жоғ...

ATU 87В
Қазақша
Ақ тиін мен қасқыр
Тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлады. Қасқыр қарғып түрегелді де, оны көріп жегісі келді. Тиін өтініп сұрай бастады, «Мені жібер» деп. Қасқыр айтты: «Жақсы, сені жіберейін, бірақ маған айт, неліктен сендер әр уақытта мұндай шатсыңдар? Мен әр уақытта қападамын, сендерге қарасам, жоғарыда ойнайсыңдар да қарғисыңдар». Тиін айтты: —Әуелі мені ағаштың басына жібер, сонан соң саған мен айтайын, болмаса сенен мен қорқамын. Қасқыр тиінді жібереді. Тиін ағаштың басына шығып алып айтты: «Сен залымсың, соның үшін қападасың. Сенің залымдық жүрегіңді жандырады. Біз ақкөңілміз. Ешкімге жауыздық қылмаймыз, соның үшін шатпыз».
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.