Корпусқа оралу

Қайырымсыз барыс

Қалың орманды аралап, қарағайдың түбіне келіп, оның қалың борпысын кеулеп үңгір қазбақ болған қабанның құлағына кенеттен қыңсылаған дыбыс естіле береді. Қабан үңгірден шығып, қарағайдың желкесіне шығып қараса, үлкен жартастың түбінде барыстың бір жұп қызылшақа күшігі жан таппай қыңсылап, жатыпты. Қасына жақын келген қа...

ATU СУС230
Қазақша
Қайырымсыз барыс
Қалың орманды аралап, қарағайдың түбіне келіп, оның қалың борпысын кеулеп үңгір қазбақ болған қабанның құлағына кенеттен қыңсылаған дыбыс естіле береді. Қабан үңгірден шығып, қарағайдың желкесіне шығып қараса, үлкен жартастың түбінде барыстың бір жұп қызылшақа күшігі жан таппай қыңсылап, жатыпты. Қасына жақын келген қабан: – Сендерге не болды? Орманның құдайымын деп жүрген әке-шешелерің қайда кетті? – деп сұрайды. Күшіктің бірі зар қағып: – Әке-шешемізді біреулер тұзақпен қылқындырып өлтіріп кетті. Ойласақ, жүрегіміз жыртылады. Енді бізді кім бағып жетілдірер екен! – дейді. Қабанның іші елжіреп кетіп: – «Өйтсе, жыламаңдар, әке-шешелерің өлген болса, сендерге мен әке болып қарайласайын, қалай дейсіңдер? – деп сұрайды. Күшіктері жастарын тыйып: – Бізге кім тамақ берсе, сол әкеміз болады ғой, мейіріміңізге рахмет деседі. Сонымен қабан барыстың күшіктерін ертіп өзінің жұмсақ үңгіріне апарады. Әр күні жортып, тұйықсыздан аңдарға атылып, аю мен бұғы-маралдарды жамсатып, соның етімен әлгі екі күшікті асырайды. Өстіп айларды, жылдарды өткізеді. Барыстың күшіктері қабанның қамқорлығында есейе береді. Екі жыл өткен соң үп-үлкен барыс болып, енді өз тамақтарын өздері тауып жей алатын болады. Бірақ осы кезде қабанның жасы ұлғайып, әл-дәрмені қалмай, жан бағуы қиынға түседі. Ол екі барысқа: – Сендер үлкейдіңдер, өздеріңді өздерің бағатын болдыңдар, ал мен қартайып қарынымды тойғыза алмайтын болып қалдым. Екеуің енді мені қайтып асырайсыңдар? – дейді. Бұл кезде есейіп қалған екі барыс, қабанның алдыңғы жағына шоңқиып отырып: – Біздің де шыдамымыз қалмай әрең жүрміз. Сіз де қиналып әрең жүрсіз, өлсеңіз өліміңіз де жақсы болмай қаларма екен, одан гөрі мына екеуіміз өзіңізді алып соғып жей салсақ, содан өтер жақсылық болмас, – дейді. Мұны естіген қабан түршігіп кетеді. Ол өзі өсірген барыстардың мұндай қайырымсыздық етерін о заманда бұ заман ойламаған еді. Ашудан селкілдеп кеткен ол: – Әй, жыртқыш немелер, өстіп қасқыр азу, ит сілекей болғандарың ба?! Мен боран-шашындарға қарамай, аш қалып жүріп сендерді бағып қаққан едім. Енді сендер мені жем қылмақ болып, құлқындарыңды маған созып отырсыңдар, өстіп те опаға жапа қыласыңдар ма? Тектеріңнің мұндайлығын білсем, титтей де қарамас едім. Өзіме де обал жоқ екен, – дейді. Сонан ол екі барысқа жалынышты бейнемен: – Кәртейген әкелеріңді жеулеріңе болар. Бірақ ең соңғы бір талабымды орындап сонан жеңдер, маған қарынымды қампитатындай су әкеліп беріңдерші, – дейді. Екі барыс алжыған қабанды жеп қарық болатын болдық деп суға кетеді. Қабан дереу олар келетін жолға екі тұзақ құрып қойып жол шетінде жасырынып жатады. Көп өтпей екі барыс суды көтеріп қайтады. Тұзаққа таман келгенде қабан бар даусымен гүр ете түседі. Үрейі ұшқан екі барыс қорыққандарынан шоршып барып тұзаққа түсіп қалады. Қабан ол екеуін қылқындырып тұрып: – Опаға жапа қылғанның көретіні осы, сендерге өлімнен басқа жол жоқ, – деп, кекті таяқпен келістіріп ұрып, өлем қаптырыпты.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.