Корпусқа оралу

Айна мен маймыл

Бір күні маймыл айнаның алдына келіп өз суретін көреді. Ол маймылдың қасында аю да бар екен. Ақырын аяғымен түртіп қалып аюға айтады: – Әй, мына перің кім өзі, ұрымтал жерде тұрған. Шіркін, мұндай көрім болар ма, он екі мүшесінің бір сиықты жері жоқ. Егерде мен осыған ұқсаған болсам, бұл дүниеде тұрмай-ақ өлгенім жақсы...

Қазақша
Айна мен маймыл
Бір күні маймыл айнаның алдына келіп өз суретін көреді. Ол маймылдың қасында аю да бар екен. Ақырын аяғымен түртіп қалып аюға айтады: – Әй, мына перің кім өзі, ұрымтал жерде тұрған. Шіркін, мұндай көрім болар ма, он екі мүшесінің бір сиықты жері жоқ. Егерде мен осыған ұқсаған болсам, бұл дүниеде тұрмай-ақ өлгенім жақсы, – деп, пышаққа ұрынып өлер едім. Аю жолдас, мен бұған ұқсамағанмен де менің жолдастарымның арасында осындай көк соққандар көп, бәрі де осыған ұқсайды десе де болады, – деп мазақ айтып күледі. Аю асықпай біраз ойланып: «Маймыл жолдас, сен бұлай деп айтпа, егерде ондай айтатұғын болсаң әуелі өзіңнің сиқыңа абайлап қарап, сонан кейін мұндай сөзді айтcаң сияды», – деп ақыл береді. Маймыл бұл сөзге ашуланып: «Жолдас болып жүріп осындай көңілге келетін сөзді айтасың, мен сенен жаман болғаным», – деп, айнаны аяғымен бір салып, тарс-тұрс етіп жөнеледі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.