Қазақша
Қарғаның бөспелігі
Лашынның балапаны топшысы қатып, ұядан ұшқан соң-ақ жемін тауып жеуге шығыпты. Жолшыбай бір қарға оған қызылшы болып ерсе керек. Алғаш бауын үйректің балапанымен ашқан лашын олжасын қарғаға байлапты.
Көктен тілегенін жерден тапқан қарға барлығын жапырып тастағандай екі иінінен дем алып, әлгі үйректің балапанын ұясына алып келіпті.
– Не деген тәтті, мұны қайтып алдың, төс еті неткен жұмсақ еді, – деп, балапандары таласа-тармаса жей бастапты. Сонда қарға:
Бұл шешең аюды алған белеңдегі, Судағы балықты да тереңдегі.
Көл шетінде көк ала үйрек тұр ғой, Өгіз сасық немені де алад өлеңдегі, – деп бөсіпті.