Корпусқа оралу

Тышқандар

Қамбаға бас сұқса-ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да, кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырған...

ATU СУС113Е
Қазақша
Тышқандар
Қамбаға бас сұқса-ақ мысық бас салып, ажалға тап бола берген соң, тышқандар оңаша бір қуысқа жиналыпты да, кеңес құрыпты. – Жауыз мысықтан қалай құтыламыз? – депті мәжілісті басқарып отырған тышқан. Бәрі үнсіз ойласып, амал іздей бастапты. Әрі ойлап, бері ойлап, ешқандай шара ойларына түспепті. Сөйтіп дал болып отырғанда: – Мысықтың мойнына қоңырау тағып қоялық, – депті бір тышқан білгішсініп. – Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Біз дыбысын ести сала тығылып үлгереміз. Бұл кеңеске бір кәрі тышқан мысқылдай күліп, былай депті: – Жарайды, солай-ақ істейік... Дал болған тышқандар амал табылғанына қуанып: – Солай істейік! – деп дауыстап жіберіпті. Бұлардан кәрі тышқан: – Сонда мысықтың мойнына қайсың барып қоңырау тағасың? – деп сұрапты. Тышқандар не айтарын білмей, үрпиісіп қалыпты. Сөйтіп, тышқандар күні бүгінге дейін мысықтан құтылудың амалын таба алмай келеді екен.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.