Корпусқа оралу

Сауысқан

Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты. – Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің. – Саған ши...

Қазақша
Сауысқан
Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты. – Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің. – Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын, – дейді тырна. – Ә, солай ма! Міндетсінесің бе? – деп сауысқан ашуға мінеді. – Ендеше, маған өкпелеме, жаман атыңды бүкіл орманға жайып гулетейін, бәлем! Осыны айтуға тілі зорға келеді де, ем сұрап қабанға барады. Оған арыз айтады. – Менің көмегім керек болған екен ғой саған, ә? Ендеше келе ғой, әкел бері, сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады, – дейді. Қабан шабынып. Сауысқанның үні өшіпті, сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты деген сөз бүкіл орманға тарап кетіпті. Ақыр-аяғында сауысқан тіпті сөйлей алмай қалады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.