Корпусқа оралу

Аттың басы

Далада аттың бас сүйегі жатыр. Келді жүгіріп ін қазғыш сұр тышқан. О, о! Міне! Қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. Ешкім дыбыс бермеді. Енді мұнда ін қазғыш сұр тышқан тұрады деп жүгіріп үйге кірді. Тарбақтап секіріп бақылдауық бақа келді. Міне!...қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мен, иесі –...

ATU 283В
Қазақша
Аттың басы
Далада аттың бас сүйегі жатыр. Келді жүгіріп ін қазғыш сұр тышқан. О, о! Міне! Қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. Ешкім дыбыс бермеді. Енді мұнда ін қазғыш сұр тышқан тұрады деп жүгіріп үйге кірді. Тарбақтап секіріп бақылдауық бақа келді. Міне!...қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мен, иесі – сұр тышқан. – Сен кім? Мен бақылдауық бақамын. – Кел мұнда менімен бірге тұруға дейді. Екеуі бірге тұрады. Шоңқаңдап келеді қыли қоян. – Мынау неткен ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мұнда мен, ін иесі – сұр тышқан, бақылдауық тарбақ бақа тұрады. Сен кімсің дейді. – Мен тауларда шоңқаңдағыш сұр қоян. – Кел мұнда бәріміз бірге тұрайық – дейді. Келді кірді қоян. Үшеуі бірге тұрады. Бір уақытта жүгіріп қызыл түлкі. – Мынау неткен ақбоз үй? Бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мен ін иесі сұр тышқан, бақылдауық тарбақ бақа, шоңқаңдағыш сұр қоян тұрады. – Сен өзі кімсің? – Мен өзім әрбір жерді кезгіш. – Кел, мұнда бәріміз бірге тұрайық. Келді, кірді. Төртеуі бірге тұрады. Бір уақытта келді аяңдап аю. Бар дауысымен ақырды. Бұл неткен ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – Мұнда ін иесі – сұр тышқан, бақылдауық тарбақ бақа, тауларда шоңқаңдағыш және әр жерде кезгіш тұрады. – Сен кімсің? – Мен үйіңнің төбесіне шығып, қабырғаңды езгіш. Аю басқа шығып құйрығын қойып отырды. Бәрі ойбай салып бақырды.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.