Корпусқа оралу

Мұжық пен аю

Мұжық бақша салып жатыр еді, аю келді. – Не істеп жатырсың? – дейді. Мұжық: – Кел мұнда, картобымды орнатыс, тамыр болайық, – дейді. Аю, қорыс етті. Келді, бұрқыратып жерді қазды, орнатты. Бір мезгілде жасарып картоп сабақтары бетіне шықты. Аю: – Бұдан маған қайсысын бересің? – деді. Мұжық: – Осы көрініп тұрғанды берем...

ATU 1030 ATU СУС1030
Қазақша
Мұжық пен аю
Мұжық бақша салып жатыр еді, аю келді. – Не істеп жатырсың? – дейді. Мұжық: – Кел мұнда, картобымды орнатыс, тамыр болайық, – дейді. Аю, қорыс етті. Келді, бұрқыратып жерді қазды, орнатты. Бір мезгілде жасарып картоп сабақтары бетіне шықты. Аю: – Бұдан маған қайсысын бересің? – деді. Мұжық: – Осы көрініп тұрғанды беремін, түбін мен аламын, – дейді. Картоп өсті, пісті, тәтті болып пісті. Басындағы сабағын аюға берді. Түбіндегі дәнін өзі алды. Аю сабақты аузына ары шайнады, бері шайнады түк түспеді. – Қап, Мұжығым, ендігі жолы болсын, – дейді. Енлігі жылы байқармын, басын саған беріп, тамырын өзім алармы, – дейді. Екінші жылы Мұжық аюға айтады, аю, далаға барайық, жер жыртып егін салайық, – дейді. Мұжық: – Жарайды, болса болсын, – дейді. Далаға барып, жер жыртып, бидай шашты. Бидай жақсы болып шықты. Мұжық айтқаны бойынша басын алды, аю тағы алданып қалды.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.