Корпусқа оралу

Бұланның өкініші

Күнде келіп су ішетін көлшігінен бір күні өзінің судағы сағымын көрген бұлан «Мүйізім келісті-ақ, бірақ аяғым неткен жаман. Мүйізіммен сай аяғым да әлді, әдемі болсашы!» деп өз аяғын өзі қорашсыныпты. Бұлан суға телміріп осыны ойлап тұрғанда аяқ астынан пайда бола кеткен қасқыр тақымынан ала кеп түсіпті. Жұла қашқан бұ...

ATU СУС77
Қазақша
Бұланның өкініші
Күнде келіп су ішетін көлшігінен бір күні өзінің судағы сағымын көрген бұлан «Мүйізім келісті-ақ, бірақ аяғым неткен жаман. Мүйізіммен сай аяғым да әлді, әдемі болсашы!» деп өз аяғын өзі қорашсыныпты. Бұлан суға телміріп осыны ойлап тұрғанда аяқ астынан пайда бола кеткен қасқыр тақымынан ала кеп түсіпті. Жұла қашқан бұлан шалдырмай кеткен екен, тірсегінен жараланғандықтан құтыла алмайтынға айналыпты. Сонсоң: «тоғайға қашайын татырың да құтқармайтын көрінеді» деп ойлап, алдындағы тоғайға кіре бергенде бір ағашқа мүйізінен ілініпті де қалыпты. Сонда бұлан: «Жамандаған аяғыммен құтылған да, мақтаған мүйізімнің ұстап бергені-ай!» деп өкініпті.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.