Қазақша
Жануарлардың арманы
Бір күні ат, түйе, ит, мысық төртеуі кездесіп, армандарын айтысады, сонда мысық:
– Сүт көп болса, тойып алып, мештің түбінде тырайып ұйықтар ма еді, ә, – депті. Ат:
– Сүті құрсын, көк шөп пен сұлы болып, күрс-күрс шайнап тұрар ма еді десеңші! – депті. Ит:
– Шөп пен сұлы тамақ па? Шіркін, майлы сүйек пен жуындыны айтсаңдаршы! – депті. Сонда түйе де кимелей келіп:
– Сүйегі де, сүті де құрысын, алабота мен ашты жапыраққа тойып алып, күлге аунап жатарма еді десеңізші! – депті.