Корпусқа оралу

Қасқыр мен тырна

Бір қасқыр алыс жерден сапар шеккен, Қалжырап тамақ таппай жүрген көптен. Жел жақтан өлген малдың иісін сезіп, Шайнамай жұтты бірін көп сүйектен. Қасқырдың қорқаулығын әркім білер, Жеңсе де, жеңілсе де қолында өлер. Жұтқаны шайнамастан тоқбас жілік, Болмады көмекейден ары жүрер. Қақалды жілік жүрмей қасқыр құсып, Қан а...

Қазақша
Қасқыр мен тырна
Бір қасқыр алыс жерден сапар шеккен, Қалжырап тамақ таппай жүрген көптен. Жел жақтан өлген малдың иісін сезіп, Шайнамай жұтты бірін көп сүйектен. Қасқырдың қорқаулығын әркім білер, Жеңсе де, жеңілсе де қолында өлер. Жұтқаны шайнамастан тоқбас жілік, Болмады көмекейден ары жүрер. Қақалды жілік жүрмей қасқыр құсып, Қан ақты сүйек жыртып, судай жосып. Кептеліп тамағына тұрды жүрмей, Шайнауға келмей бөрі ығылысып. Тамақтан тұрды жүрмей тоқбас жілік, Қасқырға аласұрып түсті бүлік. Алақтап дем ала алмай састы бөрі, Шатынап ұясынан көзі шығып. Көрген соң далбасалап шақырады, Көзіне сасқан кезде тырна түсіп. Қасқырға шақырған соң келді тырна, «Кез болдым, жарықтығым, мына сорға. Дос едік жасымыздан жан қиысқан, Досыңнан, көріп тұрсыз, кетті порма». Тырнаның мақтай берді көңілін алып: «Жаралған жеті атаңнан бәрің мырза. Ашқа азық, тоңғанға тұлға болған, Құтқарған нешелерді түскен тордан. Бақытың арылмаған тырнам едің, Қазына халқың үшін жиған қорға. Берейін қалағаның тырна жаным, Құтқарсаң бұл пәледен қылып ырза». Мақтанып масаттанып тырна күліп, Аяғын кербез басып келді жүріп. Басын тығып аузына сүйекті алды, Дем алды қасқыр сонда есеңгіреп. Сұрады еңбегіне ақы тырна, Қасекең бермеген соң өзі біліп. «Сұрауың менен еңбек, тырна, қалай, Жүрген бір қызметімде сен бір малай?! Өзіңе жаның олжа, білемісің, Есен-сау құтылғанға тәубә қылмай. Құтқарғам мен де талай жолдасымды, Ұят деп ойлағанмын жармасуды. Өзіңе сыйға силап қайырғанмын, Шайнамай салсаң дағы таз басыңды». Қасекең жақсылықты кетті ұмытып, Ойлады тырна отырмын нені күтіп. Еңбек іздеп жүргенде сорлы басым, Онан да жөнелейін қояр жұтып. Орнында, тырна кетті, қасқыр қалды, Келтірген жолдас еді шыққан жанды. Жауызға жақсылықты істеймін деп, Сондай да адамдар бар соққан санды.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.