Корпусқа оралу

Қасқыр мен тоқтының айтысы

Тоқты: —Қасқыр-ау, аузың құрсын ырбаңдаған, Жол таппай қараңғыда тұрған жаман. Ер болсаң, тайлақ пенен тайды жеші, Тоқтының несін жейсің тырбаңдаған? Қасқыр: —Тоқтышақ, не десең де құтылмайсың, Ішінде шым қораның қутыңдайсың. Әуелі сені жеймін, сосын тайды, Бәрібір кезегіңнен құтылмайсың. Тоқты: —Я жерсің, я жемессің,...

Қазақша
Қасқыр мен тоқтының айтысы
Тоқты: —Қасқыр-ау, аузың құрсын ырбаңдаған, Жол таппай қараңғыда тұрған жаман. Ер болсаң, тайлақ пенен тайды жеші, Тоқтының несін жейсің тырбаңдаған? Қасқыр: —Тоқтышақ, не десең де құтылмайсың, Ішінде шым қораның қутыңдайсың. Әуелі сені жеймін, сосын тайды, Бәрібір кезегіңнен құтылмайсың. Тоқты: —Я жерсің, я жемессің, құлағың сал, Басыңда қанағатсыз мінез, аһуал. Жалғыз-ақ менде қастық болса қасқыр, Ырбыңдап тұра бермей қамданып қал... Қасқыр: —Ендеше, жемек үшін сенде қастым, Көп сөзін сөйлемеймін жарамастың... Ұмтылып ырғып түстім деген кезде, Аяғы қақпан басты қылқимастың. Қасқырдай қаңғырттар көп алаңдаған, Аузынан тілі шығып салаңдаған. Аңғалды аш көздікпен қақпан басты, Ретін аңқаулықпен таба алмаған. Қой момынға қасқыр залым зорлық етті, Ақыры ол сорлығы түпке жетті. Қасқырды мал иесі қуалады, Ізіне салып қойып көк төбетті. Қақпанмен қасқыр қашты айдалаға, Қасқырды қумай адам жай қала ма? Бәлемді қуып жетіп соғып алды, Сатса да ықтияры қай қалада. Көреді тек жүрмеген сондай істі, Бағасын білмейтұғын жез бен мысты. Олар да өліп қалам деп ойламас, Көргенмен неше түрлі қорлық істі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.