Корпусқа оралу

Бір қасқыр мен бір есектің достығы

Бір есекке дос болыпты бір бөрі, Айтуға бұл тарихты келді жөні, Әр нәрсе өз шамасын білген жақсы, Білмесе босқа кетер арам тері. Ол есек дос болыпты бөріменен, Білмейтін дос қадірін серіменен. Қасқырмен ажал айдап дос болыпты, Өзінің жүре бермей теңіменен. Достыққа жүрді біраз жөніменен, Алдаған ашқарақтың ебіменен. Қа...

Қазақша
Бір қасқыр мен бір есектің достығы
Бір есекке дос болыпты бір бөрі, Айтуға бұл тарихты келді жөні, Әр нәрсе өз шамасын білген жақсы, Білмесе босқа кетер арам тері. Ол есек дос болыпты бөріменен, Білмейтін дос қадірін серіменен. Қасқырмен ажал айдап дос болыпты, Өзінің жүре бермей теңіменен. Достыққа жүрді біраз жөніменен, Алдаған ашқарақтың ебіменен. Қауіпсіз есек байқұс семіріпті, Жапанның мал баспаған шөбіменен. Мәз болып мұныменен есек жүрді, Өзімнің қосылдым деп теңімменен. Бір күні досы есекке, айтты бөрі: —Айтайын мен көңілімді келгін бері. Құтқарып иеңнен ажыратқан, Әй, байқұс, есек досым, мен бір сері. Көп болды сені қорғап бағамын деп, Бір тойып ет жемедім сонан бері. Досқа, дос ақылдасар күні болды, Табылар маған ауқат бар ма жөні. —Дос жайын есек айтты құп білемін, Өзіңмен неше күндей бір жүремін. Қып жүрген шөптен басқа ауқатым жоқ, Досым-ау, енді саған не беремін? Малым жоқ қолқа салып қалайтұғын, Дүнием жоқ ештеңеге жарайтұғын. Қолымда еш нәрсе жоқ беретұғын, Бар болса, ниетім жоқ аяйтұғын. Сенсіз мен жеке жалғыз жүре алмаймын, Қорадан қой жетелеп келе алмаймын. Жібермес біреу көрсе, мініп алып, Мінбекке көзге түссем, тіпті дайын. Баралық екеуміз де қойлы ауылға, Мен сырттан ит үргізіп айналайын. Ит кетіп қора босап қалғаннан соң, Табарсың, арыстаным, жеудің жайын. Мінеки, қолдан келген достығым сол, Мен сені бұдан бөлек біле алмаймын. Қасқыр айтты: «Дос емес, қас екенсің, Білмейтін достық жайын нас екенсің. Итке апарып талатып өлтірмекке, Ішіңнен маған досым өш екенсің». Мұны айтып қасқыр батыр ашуланды, Бақырып есек қорқып, ойбай салды. Аһлап есек қашып жөнелгенде, Шап етіп қасқыр барып бұттан алды. Есекпен жұлқыласып жатқанында, Көреді бір үш мерген ол қабланды. Алдынан іздеген аң табылған соң, Аңшылар итін қосып айғай салды. Қасқырдың кетті сонда зәресі ұшып, Өлімнің ажал күні есік тосып. Шыңғырып жыласа да ол қасқырды, Жібермей есек жатыр бұтын қысып. Жалынды жібергін деп сонда қасқыр, Дос жайын білмедің деп қара басқыр. Босатып есек сонда қоя берді, Қадірлі дос деген сөз қандай дәстүр. Жөнелді-ау далақтап қасқыр қашып, Өлімге көзі жетіп асып-сасып. Адымын әудем жерге аштырмастан, Қасқырды қыран тазы қалды басып. Сол жерде ажал жетіп қасқыр өлді, Есек байқұс ұмтылып түрегелді. Есектің достығына қастық қылған, Қаны қас қасқыр іске тура келді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.