Үш жүз туралы (І нұсқа)

Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үрім-бұтақтарымен жүз үйге толғанда енші алысады. Қоныс белгілеуге келгенде сөз үлкені Ақарысқа беріледі. Ол сөз кезегін Бекарысқа береді. Сонда Бекарыс тұрып: – Алдымда ағам, артымда інім тұрғанда менің не айтарым бар? – дейді. Осы кезде Жанарыс: – Сөз бітті. Жоғарғы бөлік – Ақарысқа, орталық...

Қазақша
Үш жүз туралы (І нұсқа)
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үрім-бұтақтарымен жүз үйге толғанда енші алысады. Қоныс белгілеуге келгенде сөз үлкені Ақарысқа беріледі. Ол сөз кезегін Бекарысқа береді. Сонда Бекарыс тұрып: – Алдымда ағам, артымда інім тұрғанда менің не айтарым бар? – дейді. Осы кезде Жанарыс: – Сөз бітті. Жоғарғы бөлік – Ақарысқа, орталық жер – Бекарысқа, төменгі жағы – Жанарысқа тиді, – деген екен. «Енді үш үй үшке бөліндік. Бірақ әрқайсымыз өз ауылымызды жүзден кем етпелік» деп, содан «Үш жүз» аталған деседі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ