Қазақша
Жеті момын туралы (І нұсқа)
Арғынның екінші қатынының аты – Момын. Бұл Момыннан туған: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы мен «Маябоз» ұранды Тобықты. Қара сопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл мен «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сары сопыдан: «Үшбай» ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Керей, Уақ – Орта жүзге тоқал қатын баласы болып қосылады. Осы Момынның балаларымен ыңғайлас болғандықтан «Желкілдеген жеті Момын» аталған.