Айдаболдың Қошетерді Тайкелтірге еншілес қылуы

Кенжеқозы жастай өліп, қайны Ұлы жүз Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын!» – деген соң, Жанқозы онысына көнбей: «Көттесімнің жесірін тоқал [дың] баласына бермеймін!» – деп, тетелес інісі Малқозының баласы Толыбайға алып беріп: Олжабай, Құлжабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл) – төрт...

Қазақша
Айдаболдың Қошетерді Тайкелтірге еншілес қылуы
Кенжеқозы жастай өліп, қайны Ұлы жүз Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын!» – деген соң, Жанқозы онысына көнбей: «Көттесімнің жесірін тоқал [дың] баласына бермеймін!» – деп, тетелес інісі Малқозының баласы Толыбайға алып беріп: Олжабай, Құлжабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл) – төрт бала туған. Батыр Олжабай – Үйсін Қаратай батырдың жиені. Шешесін қыс ішінде ұзатып келе жатқанда, босанғаннан: «Осы жолдың олжасы болды ғой!» – деп, атын Олжабай қойғаны сол екен. Қаратай батыр Шанышқылы Қошетер деген елден қызына қызметкер қылып бір күң қосады. Ол қыз да жолда босанып: «Бұған ат болуға қостың аты да жетер» деп, атын «Қосжетер» қойғаннан «Қошетер» атанып кеткен. Айдабол би Тайкелтірге еншілес қылып берген. Сонан Тайкелтір, Қошетер әуелден ыңғайлас, қоныстас, сыбайластығы – сол.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ