Қазақша
Апай – Бөрі (І нұсқа)
Атбасарға жер ауып барған бір қария: «Бәсентинмін, Қызылағаш болысынікімін», – дейді. Баласы қасында, дұрыс ескі сөз білетұғын кәрі құлақ қария екен.
Ол сөйледі:
– Биыл оған он тоғыз жыл болды. Бөрі – Бәсентин Есенаман байдың әз аты, – дейді.
Есен-аман әз атын шығарған толық бай кісі екен. Жалғыз баласы Ботасқа енші беріп, қой қосақтатып жатқанда бөрі тонды, бөрте атты бір жалғыз жас бала жігіт үй сыртынан келіп сөйлес қылыпты.
– Жөніңді айт, кімсің? – дегенде:
– Атым – Келімсек, жалғыз балаңа енші беріп жатыр деп естіп, қосағының басында ие болайын деп, өзіңе бала болайын деп келдім, – депті.
Сонан соң бай ырым көріп, асықты жілік ұстатып, бала қылып, атын Бөрі қойыпты. Осы күнде «Апай-Бөріміз» десіп келеді.