Бес таңбалы қыпшақ туралы

Бұрынғы қариялар Орта жүзды «Жеті арыс» деп сөйлейтұғын. Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты. Қыпшақтан: Шолым Әліп, мұнан: Ақкөбік Әліп, мұнан – Мүйіздісары Әліп, мұнан – Тоқтар, мұнан – Қобыланды. Қара, Сары, Қытай, Еділ, Жайық атанған аталары бар. «Бесеуі бір туысқан» деседі. Кімнен туып, өсіп-өнгені...

Қазақша
Бес таңбалы қыпшақ туралы
Бұрынғы қариялар Орта жүзды «Жеті арыс» деп сөйлейтұғын. Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты. Қыпшақтан: Шолым Әліп, мұнан: Ақкөбік Әліп, мұнан – Мүйіздісары Әліп, мұнан – Тоқтар, мұнан – Қобыланды. Қара, Сары, Қытай, Еділ, Жайық атанған аталары бар. «Бесеуі бір туысқан» деседі. Кімнен туып, өсіп-өнгенін айырып білуші болмады. Бұрынғылардан айтылып жүрген бір сөз бар еді: «Қыпшақ бұзады, Арғын түзейді». Қыпшақтың қарасы – ашуланшық, омырау келеді. Сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді. «Жақсы – кезекке таласады, жаман – отыратұғын орнынан адасады», «Жақсы басын қосқанда, әңгіме кезек-кезек айтса, сонда жарасады», «Екі жақсы ерікпес, екі жаман бірікпес», – бір жүйріктің аузынан шыққан сөз. Оның аржағы кімнен туып, қалай өсіп-өнгендігінде нем бар, «естіген құлақтың жазығы жоқ» деген, естігенімді сөйлеймін. «Бес таңбалы Қыпшақтың» аналары айтқан екен деседі: – Ұзын бітті бойыма, ерлік, батырлық толды ойыма, – депті. Қол таңбалы Ұзын Қыпшақ атанады (Атыс, Кедел, Бірдікей, Қырықжігіт). – Бұлтың бітті бойыма, көптік толды ойыма, – депті. Әліптаңбалы Бұлтың Қыпшақ таңбасын жақтан басады. Бұғыс, Орыс. Бұғыстан – Жолаба, Орыстан: Төбет, Құлатай, Мадияр, Құдас. – Торы бітті бойыма, кемшілік толды ойыма, – депті. Мойын таңбалы Торы Қыпшақ таңбасын мойыннан басады. Тойешке, Қыйтаба, Көкмұрын, Шашты. – Балық бітті бойыма, байлық толды ойыма, – депті. Қарын таңбалы Қарабалық атанады. Таңбасын қарынынан басады. Көсеу таңбалы Көлден Қыпшақ бар, бұлардың бәрін «Бестаңбалы Қыпшақ» дейді. Ел аузында айтылып жүрген әңгіме – Қара қыпшақ Қобыланды батыр. Сондықтан ойлаймын: «Қара, сарылар Қобыландыдан бұрынғы аталары болады-ау!» – деп. Бұл Қыпшақ екеу – Шайқы, Борқы. Дуананың дуасымен бір кісіден тоқсан екі ұл туған. Бәрі де өсіп-өніп ел-жұрт болған, «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе?» деген Қыпшақ – осы. Бұл Қыпшақтар Моғұл-Татардың Моғұлынан шыққан.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ