«Алатау» аты қалай шықты?

Жиенәлі он үш-он төрт жастардағы бозбала шағында салт бойынша нағашысының ауылына қыдырып барады. Нағашылары Божбан руының бақуатты, бас көтерер азаматтары болады. Қалмақтардың қайта-қайта шабуылдап, тыныштық бермей жүрген кездері. Ала тайға мініп барған жиен қонған алғашқы түні қалмақтар ауылға шауып, божбандардың қал...

Қазақша
«Алатау» аты қалай шықты?
Жиенәлі он үш-он төрт жастардағы бозбала шағында салт бойынша нағашысының ауылына қыдырып барады. Нағашылары Божбан руының бақуатты, бас көтерер азаматтары болады. Қалмақтардың қайта-қайта шабуылдап, тыныштық бермей жүрген кездері. Ала тайға мініп барған жиен қонған алғашқы түні қалмақтар ауылға шауып, божбандардың қалың жылқысын айдап кетеді. Жиенәлі таңертең тұрғанында ауылда атқа мінер азаматтардың қалмағанын көреді. Сұрастыра жүріп, жылқы барымталаған жаудың соңынан қуып кетіпті. Желі де тұрған тайына жайдақ міне шапқан Жиенәлі жаудың соңын ан қуа жөнеледі. Нағашылары қалмақтармен шайқасып жатқан жерге де көп ұзамай жетеді. Қалмақтардың саны басымдау екен. Төбенің басында қасындағы нөкерлерімен қолбасысы бақылап тұрады. Жиенәлі ұрандатып ұрысқа енгеннен соң, қалмақ біткен тым-тырақай, алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Төбе басындағы қолбасы қашып келген қалмақтардан: «Тайға мінген баладан неге сонша үріктіңдер?» – дегенде: «Бала емес, таудан көшкен селдей болды ол бізге. Таптап кете ме деп қорықтық», – деп біреулері уәж айтса, екіншілері: «Алатаудан көшкен селдей болды. Өзінің екі иығында екі жолбарыс бар», – дегенді айтты. Қолбасы жасағының бұл сөзіне тоқтап, «Бұл – қазақтың болайын деп тұрған батыры. Алатаудай тұлғасы бар екен. Малды тастап қайтыңдар!» деген екен. «Алатау батыр» аты осылайша пайда болған деседі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ