Бозжан, Жетімдер аталуы (ІІ нұсқа)

Сұқсыр ханым сұлуды әкесі Әліхан хан Атамтөре деген батырға қосады. Олардың төрт ұлы болады. Бір соғыста батыр Атамтөре өзінің төрт ұлымен бірге қаза табады. Жесір қалған сұлу Сұқсыр ханымды Мелде бидің ұлы Құдайберді некелеп алады. Сұқсыр ханым алты айдан соң жүкті болады. Дәл осы сәтте елге жау шабады. Ер-азаматтар т...

Қазақша
Бозжан, Жетімдер аталуы (ІІ нұсқа)
Сұқсыр ханым сұлуды әкесі Әліхан хан Атамтөре деген батырға қосады. Олардың төрт ұлы болады. Бір соғыста батыр Атамтөре өзінің төрт ұлымен бірге қаза табады. Жесір қалған сұлу Сұқсыр ханымды Мелде бидің ұлы Құдайберді некелеп алады. Сұқсыр ханым алты айдан соң жүкті болады. Дәл осы сәтте елге жау шабады. Ер-азаматтар түгел атқа қонады. Ала-сапыранда өзгелермен бірге Сұқсыр ханым мен Құдайберді (Көтенші) бір-бірінен ажырасып қалады. Жауға аттанар алдында Құдайберді әйеліне Қоңыраттың босаға таңбасын (II) салып көрсетеді: «Егер ұл тусаң, балам мені осы таңба бойынша іздесін!» – дейді. Сұқсыр ханым аман-есен босанады. Есімін Сүйіліш қояды. Сол Сүйіліш ержүрек бала болып өседі. Ол тоғыз жасқа толғаңда әкесін іздеп жолға шығады. Белгілі Бөген бойындағы Қараспан деген жерде Жортпасбай деген адамға кездеседі. Оның руы – Қоңырат, Көктің ұлы екен. Ол жас баланы алдап, өзінің қозысын бақтырып қояды. Біраз уақыт өткен соң Сүйіліш қозыларды далаға тастап, әулие Арыстанбабқа қарай қашады. Отырарға келгенде Сүйіліш Жортпасбайдың үлкен ұлы Кебекші батырдың астындағы атынан баяғы шешесі берген Қоңыраттың босаға таңбасынан таниды. Кебекші рахымы түсіп, жетім қалғанбаланы бауырына басып, ер жеткен соң үйлендіреді. Әліхан хантуған жиені Сүйілішті соңынан іздеп келіп, Кебекшіге алғысын білдіріп, Сүйілішті еліне алып қайтады... Құдайбердінің бір әйелі Қанымқыз бала көтермеген екен. Мелде бидің інісі Орын бидің әйелі босанады. Сол ұлды Қанымқыз шешеміз бауырына басыпты. Құрсағы қанамаған Қанымқызанамыздың Сүйілішті емізгенде емшегінен сүт саулап шығыпты деседі ел. Сүйіліш Қанымқыз анаға бақыт болып қоныпты. Бауырына басқан соң, көп ұзамай Қанымқыз жүкті болып босанады. Ұл табады. Есімін Сопы деп қояды. Сопыдан Мақы деген ұл туады. Сонымен Құдайбердінің Қанымқыздан Сүйіліш, Сопы, Мақы, Сұқсыр ханымнан Досымқұл – төрт баласы бар еді дейді.Сүйіліштен Жолдыбай туады, Жолдыбайдан Игілік деген ұл туады. Игілікті әкесі еркелетіп «Боз жігітім», «Бозжаным» дейді екен. Сол бала кейін «Божбан» аталып кетеді. Бүгінде сол Божбаннан тараған ұрпақтар сегіз атаға жетті. Ал Сұқсыр ханым анамыздың ұлы Соркүйіктен Досымқұл туғанда, Сүйіліштің анасы Қанымқыз шешеміз Досымқұлды «жетімегім, жетімегім!» деп жүріп, кейін енші беріп шығарғанда «Жетімектің ауылы» атанады. Одан өрбіген ұрпақтар елаузыңда «Жетімдер» деген іргелі, қабырғалы, рулы елге айналады.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ