Қазақша
Шұбарайғыр
Орта жүз Абақ керей тайпасынан тарайтын іргелі рулардың бірі – Шұбарайғыр. Шежіре дерегі бойынша, Абақ керейдің Жаната деген жігіті қалмақтардан шұбарайғыр бастаған бір үйір жылқы айдап қайтыпты. Сол шұбарайғырдың үйірі құт болып, өсіп-өніп, Жаната бас құрап, елге танылған екен. Жанатадан тараған ұрпақ рулы елге айналып, олардың «Шұбарайғыр» атануы содан еді дейді.