Елтайдың «Адай» атануы

Байдың (Қыдырқожаның) Жәнби бәйбішесінен Қанбибі (Айсұлу, Баршабике, Бәше деп те атаған) деген жалғыз қызы болған. Бір жылы Орта Жүзден Елтай деген жігіт елінен қашып келіп Асанқожаға бала болып, Байға (Қыдырқожаға) іні болып паналайды да, Қанбибімен көңілі жақын болып, қыз екіқабат болып қалып, үйінде отырып ұл туыпты...

Қазақша
Елтайдың «Адай» атануы
Байдың (Қыдырқожаның) Жәнби бәйбішесінен Қанбибі (Айсұлу, Баршабике, Бәше деп те атаған) деген жалғыз қызы болған. Бір жылы Орта Жүзден Елтай деген жігіт елінен қашып келіп Асанқожаға бала болып, Байға (Қыдырқожаға) іні болып паналайды да, Қанбибімен көңілі жақын болып, қыз екіқабат болып қалып, үйінде отырып ұл туыпты. Бай некесін қиып, қызын Елтайға қосады да, ұлдың атын «Адай» деп қояды. Адай – жиен болады, бірақ Байдың бір баласы есебінде саналып тәрбиеленеді. Себебі әкесі Елтай жаугершілікте қазаға ұшырап, шешесі Қанбибі де өліп, жетім қалған еді дейді.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ