Алтын-Жаппас

Енді бір сәт осы шежіреші жазған аңызға құлақ түріп көріңіз. Бір жаугершілікте Әлқожа мен Асанқожа бірдей қаза табады да, әмеңгерлік заңы бойынша олардың жесірін жасы кіші Қыдырқожа алады. Нұрқожа да сол ұрыста жарақат алып, кейін қайтыс болады. Әлқожаның жесірі Қыдырқожаға әйел боп келген соң: «Ішім әуелден ауырады, б...

Қазақша
Алтын-Жаппас
Енді бір сәт осы шежіреші жазған аңызға құлақ түріп көріңіз. Бір жаугершілікте Әлқожа мен Асанқожа бірдей қаза табады да, әмеңгерлік заңы бойынша олардың жесірін жасы кіші Қыдырқожа алады. Нұрқожа да сол ұрыста жарақат алып, кейін қайтыс болады. Әлқожаның жесірі Қыдырқожаға әйел боп келген соң: «Ішім әуелден ауырады, бершімегім бар», – деп сылтау айта бастайды. Сол себепті дүниеге келген баланың атын Беріш деп атайды. Ал Асанқожаның жесіріне Сәду, Салау деген екі ұл еріп келеді. Қыдырқожа оларды аса ұнатпаса керек, Сәдуді тіксінген ұсқынына қарай «Ожырай» деп, ал Салауды мінезіне орай «Жаппас» деп атайды. Өзін кемсіткен сөзге арланған Ожырай (Сәду) өкпелеп, нағашы жұртына көшіп кетеді. Бай өзінен туған Алтын атты қызға Жаппасты еншілес етіп, Ожырайдың жұртына апарып қондырады. «Ожырай кетсе орнынан, Жаппас қонар жұртына» дейтін мәтел содан қалған деседі.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ