Қазақша
«Таз» атануы (І нұсқа)
Байдың үйінде жаугершілікте қалмақтан алып келген қызметші бір қыз жүреді екен. Мойнында моншақ тағып жүргендіктен оны «Моншақ» деп атап кетіпті. Сонымен қатар Ерназар («Қалпақ» атанған) деген басы таз жігіт малын бағып, жалшылықта жүріпті. Бай Моншақты сол Ерназарға некелеп қосады. Бұлардан бір ұл туып, атын «Таз» деп қойыпты. Кейін Таз да Байдың бір баласы есебінде саналып кетіпті.