Қазақша
Ұланақтың «Қаракесек» аталуы (ІІ нұсқа)
Алты аталы Әлім – көп өскен ел. Әлімнің бір баласы Ұланақтың жанама аты «Қаракесек» деп атануын шежірешілер былай түсіндіреді.
Қаракесек қартайған шағында кіші немерелерінің бірі Ұланақты қолына алып, өз баласы ретінде «сасығым!» деп еркелетіп өсірген екен дейді. Ақырында Қаракесек өлгесін, қара шаңыраққа Ұланақ ие болып, өзге жұрт содан оны Қаракесек деп атап кетеді. Үлкен Қаракесек, Кіші қаракесек аталу себептері осыдан.