Қазақша
Кетелер туралы (ІІІ нұсқа)
Ауызекі шежіреде Құдиярдың үлкен баласы Қайырбайдың жарлы болғаны айтылады. Оның Қаракесек атануы да осы кедейлігіне байланысты таңылған атау ретінде байыпталады.
Қаракесектің бәйбішесінен Байсары туады. Әйелі көп ұзамай қайтыс боп кеткесін, қайын атасы Қаракесекке екінші қызын да қосады. Одан Әлім, Шөмен туады. Байсарыдан – Бозаншар, Майлыбай деген екі бала. Майлыбайдан ұрпақ болмайды да, Байсарыдан Кете әулеті тарайды. Оның Кете атануы Байсарының Кетебике деген әйелінің атына қатысты делінеді. Байсары бір соғыста қолға түсіп қаза табады да, Кетебикені Әлім алады. Ол Әлімнен Тойқожаны туады. Әлім қайтыс болған соң Кетебикені Шөмен алып, одан Түменқожа туады. Қаракескетің үш баласының Кетебикеден өрбіген тұқымдары шешесін төңіректеп жүріп, өздері оның атымен «Кете» атанған екен дейді. Бозаншар мен Түменқожа ұрпақтары «Ожырайкете», «Қаракете», ал Тойқожа тұқымдары «Ақкете» аталады.