Бегім бер (ІІ нұсқа)

Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін талғажау етеді екен. Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегі...

Қазақша
Бегім бер (ІІ нұсқа)
Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін талғажау етеді екен. Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегін бірде ұрылар алып қашыпты. Күнелтіп отырған жалғыз ғана тағамын көз алдында алып кетіп бара жатқанын көрген кемпір: «Ойбай, бегім бер, бегім бер!» деп дауыстайды. Сайланып келген ұрылар қартайған кемпірге жеткізе ме, әне-міне дегенше көзден таса болады. Жесір кемпір қатты налып, осындай күйге түсірген Тәңіріне мұңын шағып, зарлапты. Кемпірдің зарын естіген бір күйші тебірене толқып сыбызғыға салған екен дейді.
Ағылшын
Begim Ber (Version II)
Once upon a time, there was a widow. The old woman, having neither livestock nor family, was said to survive by gathering begi (a type of pear) to sustain herself in her old age. As autumn approached, she would gather a large amount of ripe begi, carefully dry them, and use them as food until the next harvest. One day, while she was following her usual routine, two thieves came and stole her two sacks of begi. Seeing her only source of sustenance being taken away right before her eyes, the old woman cried out, "Oh dear, give me back my begi!" The thieves, having come to steal, did not heed the pleas of the old woman and quickly disappeared from sight. The widow, deeply saddened, lamented to God about her plight and wept. Hearing the widow's lament, a musician was moved and began to play the flute with great emotion.