Жамал-ай!

Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көші...

Қазақша
Жамал-ай!
Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі. Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көшіріп жібереді. Енді қайтып ауылының маңынан жүрсе, жазаламақшы болады. Сонда жүрек сезімін жасыра алмаған қойшының баласы: Қасың сұлу қағаздың сиясындай, Мойның ұзын тоғайдың миясындай. Қайтсем саған қолымды жеткіземін, Жатқан жерің сұңқардың ұясындай. Жамал-ай, Жамал-ай, Болар ма екен амал-ай! деп өлең етіп әнге салып, күй етіп сыбызғыға салған екен.
Ағылшын
Jamal-ai!
Once upon a time, a rich man's daughter fell in love with the son of a shepherd who worked at their door. The poor boy, who had grown up alongside her, was also liked by the rich man's daughter. As they grew older, their feelings for each other intensified. One day, this situation became known to the rich man, who became furious and sent the poor boy away to another place. He threatened to punish him if he ever came near their village again. Unable to hide his feelings, the shepherd's son sang: Your beauty is like the ink of paper, Your neck is long like the reeds of the grove. What can I do to reach you, Your resting place is like a falcon's nest. Jamal, oh Jamal, Will there be a way, oh my! He turned these words into a poem, set them to music, and played them on his flute.