Қорамжан күйі (ІІ нұсқа)

Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжанның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыстағы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық ойнап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқысына жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттанды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қа...

Қазақша
Қорамжан күйі (ІІ нұсқа)
Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжанның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыстағы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық ойнап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқысына жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттанды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қалыңдығы «шаппа, қума» деп қолқа қылады. Қорамжан болмай қаруын алып, Тепеңкөкке мініп, айғай шыққан жаққа қарай жөнейді. Алдыңғы қуғыншыларды қуып жетеді. Бірақ ұзап кеткен жау қарасы көрінбейді. Тепеңкөк бүйірі қызбай, еті терлемей жақсы шаппайды екен. Қорамжан атымның бүйірі қызып тез шапсын, жауға тез жетейін деп екі қап құм теңдеп алып, жауды қуып кетеді. Тепеңкөк терлей бастағанда, қаптағы құмды төге бастайды. Сөйтіп, бүйірі қызған Тепеңкөкпен құйындатып, ұзап кеткен жауға Қорамжан сәтте жетіп келеді. Оны көрген жау батыры жарда бұғып отырып Қорамжанды атып түсіреді. Қорамжан оққа ұшып өледі. Осыны күйшілер «Қорамжанның шешесінің жоқтауы», жас оң жақта қалған «қалыңдығының жоқтауы», «Тепеңкөктің шабысы» деп, домбыраға тартады. Мұны «Қорамжан күйі» дейді.
Ағылшын
The melody of Koramzhan (Version II)
Qoramzhan is the only son of an old woman. Qoramzhan has a swift horse named "Tepeńkök." Qoramzhan goes to a distant land to propose to a girl and stays there to play with his bride. At night, an enemy attacks the horses of the village where Qoramzhan is staying, and a loud commotion is heard. When Qoramzhan hears the noise and tries to get up, his bride urges him, "Don't run, don't chase." However, Qoramzhan takes his weapon, mounts Tepeńkök, and heads towards the direction of the noise. He catches up with the front pursuers. But the enemy, who has fled, is nowhere to be seen. Tepeńkök does not run well, not sweating or getting tired. Qoramzhan thinks, "Let my horse's sides heat up and run fast, so I can reach the enemy quickly," and takes two bags of sand to chase the enemy. As Tepeńkök begins to sweat, it starts to spill the sand from the bags. Thus, with Tepeńkök's sides heated up, Qoramzhan quickly reaches the fleeing enemy. Seeing him, the enemy warrior hides behind a rock and shoots Qoramzhan down. Qoramzhan falls to the ground, dead from the bullet. This is mourned by musicians as "The Lament of Qoramzhan's Mother," "The Lament of the Bride Left Behind," and "The Gallop of Tepeńkök," played on the dombra. This is called "The Qoramzhan Tune."