Бозайғыр (ІV нұсқа)

Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көкке тойғаннан кейін үйір іздейді. Бозайғыр әуелі қатты желіп, соңынан шоқытып бар күшімен ағызып таудың басына келіп, шығады да, жан-жағына қарап тұрып, пәрменімен кісінейді, кісінеп-кісінеп болып аяғында бір түрл...

Қазақша
Бозайғыр (ІV нұсқа)
Қазақ даласында үлкен жұт болады, даладағы жылқы малы көп қырылады, көп жылқыдан жалғыз бозайғыр қалады. Көкке тойғаннан кейін үйір іздейді. Бозайғыр әуелі қатты желіп, соңынан шоқытып бар күшімен ағызып таудың басына келіп, шығады да, жан-жағына қарап тұрып, пәрменімен кісінейді, кісінеп-кісінеп болып аяғында бір түрлі үнмен қоңыраудай сылдыратып үзілтіп-үзілтіп кеп тоқтайды, сонда осы Бозайғырдың кісінеген үні адамға бір аянышты әсер ететін еді. Қазақ халқының өмірінің арқауы болған төрт түлік малы, оның ішінде жылқысын халық өте қадірлеген ғой. Міне, Бозайғыр күйі жұттың әсерінен туған.
Ағылшын
Bozaiğyr (Version IV)
In the Kazakh steppe, a great disaster occurs, many horses are lost, and only one gray colt remains. After being sated, it seeks its herd. The gray colt initially runs swiftly, then gallops with all its strength to reach the top of the mountain, where it stops and looks around, neighing with authority. After neighing for a while, it eventually produces a sound like a bell, ringing and then stopping. The sound of this gray colt's neighing evokes a sense of pity in people. The four livestock, which are the backbone of the Kazakh people's life, especially their horses, are highly valued by the people. Thus, the state of the gray colt is born from the impact of the disaster.