Аққу (І нұсқа)

Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. Оның бар байлығы – жетім сәбилер – немере ұлы мен немере қызы болыпты. Оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған. Кемпір көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын пісіріп болмашы ғана еңбек ақысын алып отырған. Немерелері де байдың жұмысын істейді: бала қо...

Қазақша
Аққу (І нұсқа)
Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір өмір сүріпті. Оның бар байлығы – жетім сәбилер – немере ұлы мен немере қызы болыпты. Оның ойлағаны соларды бағып өсіру болған. Кемпір көрші ауылдың байының сиырын сауып, кірін жуып, тамағын пісіріп болмашы ғана еңбек ақысын алып отырған. Немерелері де байдың жұмысын істейді: бала қозы бағады, қыз шай қайнатып, анау-мынаусын істейді. Осылайша олар үйтіп-бүйтіп өмір көре береді, тағдырға тағар кінәсі де болмайды. Бір күні ойламаған, күтпеген жерден оларға пәле тап болады. Бай аулына жау шауып, ел бір түн ішінде сапырылысып басқа жаққа көшіп кетеді, аласапыран кезінде жұртта абайсызда бала-шағасы мен кемпір қалып қояды. Оның үстіне көзге түртсе көргісіз дауылды, ала құйын соғады. Таң ата дауыл басылады, жұртта қалған сорлы бейшаралар аң-таң қалады. Олардың ішейін десе асы, баспанасы тағы жоқ. Жұртта жетім болып қалған сорлылар егіліп тек жылай береді. Баланың әкесінен қалған аң ататын мылтығынан және оның екі сұрағынан (ашасынан) басқа олардың дымы болмайтын. Ақыры, алдында балаларын ертіп кемпір, басы ауған жаққа жүре береді. Күні бойы жүріп-жүріп, күн батуға таянғанда әбден діңкелері құрып шаршаған олар, бір- біріне жантая жатып, үлкен көлдің жағасында ұйықтап кетеді. Таң сәріде ұйқылы-ояу жатқан бала бір әдемі дауыс естиді. Ояна келсе, төбесінде айнала ұшып, қонғалы жүрген аққуларды көреді. Бала әлден кейін аққулардың көлге қонғанын сезеді. Бала қуанғаннан әндетеді. Бар деген үйінің қымбат мүлкі – мылтығын алып бала көздеп атып жібереді, бірақ кербез құсқа оның оғы тимей кетеді. Аққулар ұшып кетеді, жолы болмай қамыққан бала көл жағасында қала береді. «Үшеуіміз де енді аштан өлеміз ғой» деп ойлайды ол. Біраз уақыттан кейін осы арадан қашық емес тау мен орман арасындағы көлде аққулар паналайды деген аңшылардың сөзі баланың есіне түседі. Әжесіне осыны айтып, оны қарындасына қалдырып, қолына мылтығын алып, аққулар ұшып кеткен жаққа қарай жүріп кетеді. Жүгіріп келе жатып бала әндетеді: Барар жерің Балқан тау, О да біздің көрген тау! Әбден шалдыққан бала қараңғы түсе, Балқан тауының басына шығып, тұңғиықта жалтыраған көлді көреді. Қалың шөпті қақ жарып жоғары қарай тырмысып, бала көлдің жағасына келіп, тәтті ұйқыға сүңгіп кетеді. Ертеңгісін бала тағы да көл үстінде айналып ұшып жүрген аққуларды көреді. Міне, аққу суға қонды. Ешбір қауіпсіз тұмсығын қанатының астына тығып аққудың ұйықтап кеткенін бала бақылайды. Бала аққуды атып тигізеді. Осы кезде баланы күте-күте зарығып, оның әжесі мен қарындасы жылайды. Бұл кезде атып алған аққуын арқалап, бала да өзінің әжесі мен қарындасына келеді. Оны көріп қуанғандығынан көңілді ән шырқайды. Олар аққудың етін жеп, тәтті ұйқыға шомып кетеді. Ертеңгісін үшеуі көңілденіп, тынығып алғаннан кейін жолға шығады. Кешке қарай олар қатерлі, қауіпті түнде бұларды далаға тастап, көшіп кеткен ауылға келіп қосылып, бұрынғысындай өмір сүре береді. Бала тек мерген болмаған, әкесінен қонған дарынды, жақсы күйші де болған көрінеді дейді. Еліне келіп «Аққу» атты күйін ол қобызда ойнап береді.
Ағылшын
Swan (Version I)
Once upon a time, there lived a poor old woman. Her only wealth was the orphaned children – her grandson and granddaughter. Her intention was to raise them. The old woman milked the rich man's cows, washed clothes, and cooked food, earning only a meager wage. Her grandchildren also worked for the rich man: the boy tended the lambs, and the girl made tea and did various chores. Thus, they managed to get by, without blaming fate. One day, unexpectedly, disaster struck them. Enemies attacked the rich man's village, and the people fled to another place overnight, leaving behind the old woman and the children in the chaos. On top of that, a fierce storm raged, making it impossible to see. When morning came, the storm subsided, and the unfortunate ones left behind were bewildered. They had nothing to eat or a place to stay. The orphans left behind wept bitterly. They had nothing except for a hunting rifle and two cartridges that belonged to their father. Finally, the old woman, taking her children with her, set off in the direction of wherever fate would take them. After walking all day, as night approached and they were utterly exhausted, they lay down to sleep by the shore of a large lake. In the early morning, the half-asleep boy heard a beautiful voice. When he woke up, he saw swans flying around above him. After a while, he sensed that the swans had landed on the lake. The boy, filled with joy, began to sing. He took his most precious possession, the rifle, aimed, and shot, but the proud bird was not hit. The swans flew away, and the boy, feeling disheartened, remained by the lake. He thought, "Now the three of us will die of hunger." After a while, he remembered the words of hunters who said that swans took refuge in a lake not far from there. He told his grandmother this, left her with his sister, and took his rifle, heading towards where the swans had flown away. As he ran, he sang: Your destination is the Balkans, That too is the mountain we have seen! The exhausted boy, as darkness fell, reached the top of the Balkans and saw the shimmering lake in the depths. Struggling through the thick grass, the boy reached the shore of the lake and fell into a sweet sleep. The next morning, the boy saw the swans flying above the lake again. Look, the swan has landed in the water. Watching carefully, the boy saw the swan hiding its beak under its wing and sleeping peacefully. The boy shot the swan. At that moment, his grandmother and sister, waiting anxiously, were crying for him. Meanwhile, carrying the swan he had shot, the boy returned to his grandmother and sister. Overjoyed to see him, they sang a cheerful song. They ate the swan's meat and fell into a sweet sleep. The next morning, the three of them, feeling refreshed and in good spirits, set out on their journey. By evening, they joined the village that had abandoned them during the dangerous night and resumed their previous life. The boy was not only a marksman but also, it seemed, had inherited the talent of a good musician from his father. Upon returning to his homeland, he played a melody called "Swan" on the kobyz.