Аққу (ІІ нұсқа)

Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан, әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса, сол Қап тауынан әрі асады екен...

Қазақша
Аққу (ІІ нұсқа)
Қап тауы деген дүниедегі ең үлкен тау болады екен. Бергі бетіне қыс түссе, ар жағы жайма-шуақ жаз болғандықтан, әлемдегі жылылықты аңсайтын құс атаулы солай қарай арқан тартып ұшатын көрінеді. Солардың қатарында аққу деген киелі құс та бар екен. Қанаты бүтін, топшысы берік, өзі тың болса, сол Қап тауынан әрі асады екен де, ақсақ, қауырсыны қатпаған, әлсіз болса, бергі жағында қалып қояды екен. Кейбірі неше рет өрлеп, неше рет төмендеп, кейде баяу, кейде жылдам ұшып, әрең асады дейді. Сондағы Қап тауын айналып ұшып жүрген аққудың таудан әрең асқандағы күйі мынау... (Соңында күйші өзін Қап тауына балап, домбыраны аққу қылып, иығынан асырып тастайды.) ... Сол жолда аққуды бидайық құс қуады. Аққу қашып барып суға түсіп, әрі қарай жүзіп барып, қанатын керіп сілкінеді...
Ағылшын
Swan (Version II)
The Qap Mountain is said to be the largest mountain in the world. When winter comes to its near side, the other side remains a warm summer, so all the birds longing for warmth in the world fly towards it, pulling on the rope. Among them is the sacred bird, the swan. If its wings are intact, its joints are strong, and it is healthy, it can cross over the Qap Mountain, but if it is lame, with undeveloped feathers and weak, it stays on the near side. Some try to ascend multiple times and descend again, sometimes flying slowly, sometimes quickly, barely making it across. The state of the swan flying around the Qap Mountain after barely crossing is as follows... (At the end, the musician compares himself to the Qap Mountain, turning the dombra into a swan and tossing it over his shoulder.) ... On that path, the swan is chased by the reed bird. The swan escapes and dives into the water, swimming further and then stretching its wings and shaking them...