Сарбарпы бұлбұл (ІІ нұсқа)

Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін – сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбарпы енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су...

Қазақша
Сарбарпы бұлбұл (ІІ нұсқа)
Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін – сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбарпы енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су жылан тыныштық бермепті. Көкте қырғи, жерде жылан тұқымын құрта берген соң зар еңірей сайрапты. Оның сайрағанын су тартылып, күн тұтылып, тау шайқалып, дауыл көтеріліпті. Бірақ ешбір аң немесе құс жәрдем жасамапты. Сонда бір аңшы көріп, естіп, 72Сарбарпы бұлбұлды әлгі озбырлықтан құтқарыпты. Өзінің үйіне әкеліп, төрінде бағыпты. Содан бастап Сарбарпы бұлбұл адамның айнымас досы, жыршы құсы болыпты...
Ағылшын
Sarbaryp Bulbul (Version II)
Once upon a time, there was a singing bird called Sarbarpy. When the very beautiful Sarbarpy sang, the flying birds would land, and the running animals would stop, while those who heard it would listen in rapt attention. The snakes on land, envious of its beauty and singing, began to eat the nightingale's chicks. Sarbarpy then placed its nest by the water's edge. Here, the water snakes did not give it peace. After the hawk in the sky and the snakes on the ground continued to destroy its kind, it sang mournfully. Its singing caused the water to recede, the sun to eclipse, the mountains to shake, and storms to rise. However, no animal or bird came to help. Then a hunter saw and heard Sarbarpy and rescued the nightingale from that tyranny. He brought it to his home and cared for it in his living room. From that day on, Sarbarpy the nightingale became an unwavering friend and a songbird for the man...