Көк төбет (ІІ нұсқа)

Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүрлі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбысын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен. Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің алысқа, жортуылға аттанып кеткенін...

Қазақша
Көк төбет (ІІ нұсқа)
Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүрлі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбысын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен. Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің алысқа, жортуылға аттанып кеткенін, жақын мезгілде қайтып оралмайтынын білген соң Зуқаны ұстауға шерік аттандырған. Осы кезде оның көк төбеті үш күн жатпай үрген. Итте тіл жоқ, болмаса ол бір қауіптің болатынын сезген. Ұдайы үш күн, үш түн үрген ит, үшінші күн таңға жақын дауысы қарылып, жағы талып, үні өшкен екен. Дәл осы кезде Зуқа таң намазын оқуға қамданады. Күндіз қарауылдап, қараңғы түсе ауылды қоршап алған шеріктер дәл осы сәтте оның үйіне басып кіреді. Зуқа не мылтық алып атысуға, не қашып шығуға үлгірмей қалады да, тек қолына түскен кереге басында ілулі тұрған кісенмен мықтысынып алдымен кірген екі шерікті ұрып өлтіреді. Бірақ мұздай қаруланған көп шерік оны осы арада атып жібереді. Дайын тұрғандар жалма-жан басын алып, зыта жөнеледі. Осы оқиғадан бұрын да талай рет Зуқаны ұстауға келген әскерлерді көк төбет алдын ала біліп үргеннен кейін, адамдар дайындық көріп, жаудың сазайын тарттырып, өздері аман қалған. Бұл реткі көк төбеттің үш күн үргенін ескермеген Зуқа ауылы арманда қалыпты, осыны ел есіне салған бір күйші «Көк төбет» күйін шерткен екен.
Ағылшын
Blue Dog (Version II)
In the legends passed down through the people, the origin of the "Blue Dog" melody is told in various ways. One of them speaks of Zuka, a hero who lived in Altai, who had a blue dog that would not allow strangers near his village, capable of sensing the sound of a horseman from a great distance, like a bullock. The government, which had a deep grudge against Zuka, sent out a group to capture him, knowing that Zuka's strong men had gone far away on a campaign and would not return soon. At this time, his blue dog barked for three days without rest. The dog had no voice, otherwise, it would have sensed that danger was near. For three days and three nights, the dog continued to bark, and on the third day, just before dawn, its voice became hoarse, its jaw weakened, and it fell silent. At that moment, Zuka was preparing to perform the morning prayer. As the guards watched during the day and surrounded the village at night, they burst into his house at that very moment. Zuka had no time to grab a gun to shoot or to escape, so he took the handcuffs hanging on the wall and, with great strength, killed the first two guards who entered. However, the heavily armed group shot him right there. The ones who were ready quickly took his head and fled. Before this incident, the blue dog had barked in advance whenever soldiers came to capture Zuka, allowing the people to prepare and retaliate against the enemy, thus saving themselves. This time, not considering the blue dog's three days of barking, Zuka's village fell into a dream, and a musician who reminded the people of this event played the melody "Blue Dog."