Ыңыршақты боз

Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болыпты. Оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі де осы аты екен. Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр- думан болып жатыпты. Олардың тұсынан әлгі адам боз атын жетектеп өтіп бара...

Қазақша
Ыңыршақты боз
Жалғыз боз атынан басқа ешбір көлігі жоқ бір кедей болыпты. Оның жайшылықта бұта артар, көшкенде жүк артар көлігі де осы аты екен. Ол бір күні бар-жоғын боз атына артып, көшіп бара жатса, бір ауылда қалың адам жиналып ас беріп, бәйге қосып, дыр- думан болып жатыпты. Олардың тұсынан әлгі адам боз атын жетектеп өтіп бара жатқанда, боз аты бір күрсініп қалған екен, тарту арқаны үзіліп кетіпті. Мұны көрген әлгі кедей: «е, жануар-ай, ішіңде өнерің бар екен ғой, сенің де қарызыңнан бір құтылайын» деп жүгін сол жерге түсіріп тастап, аттың ыңыршағын алмастан, бәйге болып жатқан ауылға барыпты, оған ешкім қарап та қоймапты. Тек аттарды айдайтын кезде кедей: «Атымның арқасы жайдақ мінуге келмейді, ыңыршағымен балам мініп барады», – депті де қалың жүйріктердің соңынан ілестіріп жіберіпті. Бәйге келеді-ау деген мезгілде аты барлар да, басқалар да кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана ат келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан боз ат екені анық болады. Аздан соң басқа аттардан көш бұрын ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен. Үстіндегі баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол бойынша екінші бәйге беріліпті. Осыдан бастап, бұл кедейдің күйсіз көлігі – боз атқа арналып «Ыңыршақты боз» деген күй шығарылған екен.
Ағылшын
The gray of the lark
There was a poor man who had no vehicle other than his lone gray horse. In ordinary times, this horse was used to carry branches and load during migrations. One day, as he was moving with everything he had loaded onto his gray horse, he passed by a village where a large crowd had gathered for a feast, holding horse races and creating a commotion. As he was leading his gray horse past them, the horse let out a sigh, and the harness broke. Seeing this, the poor man said, "Oh, my animal, you have some talent inside you; let me free myself from my debts," and he dropped his load right there, without taking the saddle, and went to the village where the races were taking place, but no one paid him any attention. Only when the horses were being led did the poor man say, "My horse's back is not suitable for riding; my son is riding with the saddle," and he sent his horse off following the herd of swift racers. As the time for the race approached, those with horses and others gathered to watch, looking towards the dust cloud. Some said, "That horse is coming," while others said, "No, this horse is coming," until it became clear that it was the lone gray horse that had emerged. Soon after, the gray horse, dragging its saddle, arrived ahead of the other horses. The boy riding it fell off, and the second prize was awarded to the horse that came with the saddle. From that moment on, this poor man's unsaddled vehicle—the gray horse—was honored with a tune called "The Gray Horse with a Saddle."