Мұңлы қыз (ІІІ нұсқа)

Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбішесі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал- екең алады», – дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы қой, алалы жылқысын қимаған қыз әк...

Қазақша
Мұңлы қыз (ІІІ нұсқа)
Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбішесі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір кедейдің балам дегенде жалғыз қызына құдалық сөйлеседі. «Шал-екең алмайды, мал- екең алады», – дегендей, байдың қалың малға атаған ақтылы қой, алалы жылқысын қимаған қыз әкесі жалғыз қызын байға тоқалдыққа береді. Әкенің қатігездігіне өзегі өртеніп, заманының әділетсіздігіне күйінген қыз ұзатыла жатып: «Қаракер аттың тоқтығы-ай, жалынан ұзын шоқтығы-ай. Мені малға сатқаны әділеттің жоқтығы-ай», – деп зарлаған екен. Қыз ұзатуға жиылып, қыз зарын естіп тұрған көпшілік «О, мұңлы, сорлы-ай!» – деп өкініседі. О баста қыз ұзату салтанатын күйге қоспақ болған күйші адамның іш-бауырын елжіреткен мына қайғылы халге іштей елжіреп, қыз зарына арнап, «Мұңлы қыз» күйін шертіпті.
Ағылшын
The Sorrowful Girl (Version III)
When a rich man turned sixty, his first wife, whom he married young, passed away, leaving his prosperous and well-furnished house empty. To renew his bed, the rich man proposed marriage to the only daughter of a poor man, saying, "The old man won't take it, but the livestock will." The girl, whose father could not part with the sheep and horses he had set as the bride price, was given to the rich man as a second wife. Burning with the cruelty of her father and lamenting the injustice of her time, the girl, as she was being married off, lamented: "Oh, the fullness of the black horse, how long is its mane! Selling me for livestock shows there is no justice!" The crowd gathered for the wedding, hearing the girl's lament, sighed, "Oh, how sorrowful and unfortunate!" Initially intending to accompany the wedding ceremony with music, the musician, moved by the tragic state of affairs that tugged at his heart, played the "Sorrowful Girl" melody in honor of her lament.