Мұңлы қыз (ІV нұсқа)

Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиылады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар- қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып, қымыз сел боп ағады. Аста б...

Қазақша
Мұңлы қыз (ІV нұсқа)
Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиылады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар- қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып, қымыз сел боп ағады. Аста бүткіл керейге байлығын танытуға талпынған байдың балалары дәулеттерін аямайды. Бірінші болып келген аттың бәйгесіне ат басындай алтынға қоса, тоғыз ақбас атан жетектетіп, атанға бір қыз мінгізіп беретіндіктері туралы бір жыл бұрын сарын айтады. Осы сарын бойынша бірінші атқа жоғарыдағы сыйлықтарын береді. Ат бәйгесіне тігілген жетім қыздың зарына байланысты «Мұңлы қыз» күйі осылай шығыпты деседі.
Ағылшын
The Sorrowful Girl (Version IV)
Once upon a time, in the era of the renowned Kerey, a wealthy man passed away, and people from all walks of life, from the poorest of the poor with their single horse to the elderly, gathered for the funeral. Along the riverbank, a multitude of white yurts were set up, and rows of hearths were dug. Sheep and horses were slaughtered, and kumys flowed like a river. The children of the deceased, eager to showcase their wealth to the entire Kerey community, spared no expense. A year prior, they announced that the winner of the horse race would receive a prize of gold equal to the weight of the horse, along with nine white-headed camels and a girl to ride on the camel. According to this announcement, the aforementioned prizes were awarded to the first horse. It is said that the song "Mungly Qyz" (The Sorrowful Girl) emerged from the lament of the orphan girl who was tied to the horse race.