Бұлдыр тау

Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп тұрған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құтылып, аман-сау сол бұлдыр тауға...

Қазақша
Бұлдыр тау
Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп тұрған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құтылып, аман-сау сол бұлдыр тауға жетсем деген арманмен, жүкте сүйеулі тұрған домбыраны алып: «Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау, саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным» деп күй шерткен екен. Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей күйзелісін көрген үй иелері «бұ не күй?» – деп сұрағанда жігіт: «Бұлдыр тау» деген күй», – дейді.
Ағылшын
Misty Mountain
Once upon a time, a young man who was eloping with his beloved girl stopped at a house to quench his thirst. It seemed that the door of the house they entered was sewn according to the direction of the lovers. As the young man looked out from the door, he saw his homeland and land shimmering in the distance, dreaming of reaching that hazy mountain safely and escaping from the pursuers behind him. He picked up the dombra resting on his shoulder and played a tune, singing: "Hazy, hazy, hazy mountain, when will I reach you, oh my soul." Upon hearing this, the girl also shed tears. When the hosts of the house saw the shared sorrow of the two lovers, they asked, "What kind of tune is this?" The young man replied, "It is a tune called 'Hazy Mountain'."