Кербез қыз (ІV нұсқа)

Бір байдың жалғыз өскен ерке тотай қызы болыпты. Өмір тақыршылдығын көрмеген. Мол дүниенің кең ортасында шалқып өскен қыздың сұлулығына кербездігі сай келіпті-мыс. Сұлу қызға дүйім елдің талай байының кербезсіген ұлдары, ел ішінің сұлуы атанған жігіттері сөз айтқанымен қыз оның бірде-біріне ықтиярлық бермейді. Теңім ем...

Қазақша
Кербез қыз (ІV нұсқа)
Бір байдың жалғыз өскен ерке тотай қызы болыпты. Өмір тақыршылдығын көрмеген. Мол дүниенің кең ортасында шалқып өскен қыздың сұлулығына кербездігі сай келіпті-мыс. Сұлу қызға дүйім елдің талай байының кербезсіген ұлдары, ел ішінің сұлуы атанған жігіттері сөз айтқанымен қыз оның бірде-біріне ықтиярлық бермейді. Теңім емес деген жауап қайырады. Сөйтіп жүріп қыздың жасы бірталайға келеді. Ол сонда да ешкімді ұнатпайды. Қыздың бұл қылығына «қызым отырып қала ма» деп шешесі қауіптенеді де, қыздың жеңгелерін жұмсап сырын сұрайды. Сонда қыз: «Мен бір үйдің жалғыз қызымын, әке-шешем барын менің алдыма тосты, тотыдай тарап өсірді. Соның арқасында кербез қыз атандым. Менің осы кербездігімді кім сыбызғыда тартады, теңім сол, соған барамын», – дейді. Қыздың сөзі ауыздан-ауызға тарап елге жайылады. Енді қызға жорға мінген үкілі жігіттер емес, сыбызғышы жігіттер келе бастайды. Қыз олардың да ешбірінің күйін жақтырмайды. Сөйтіп жүргенде, бір күні жалбыр шапанды сыбызғышы жігіт келіп: «Сенің кербездігің менің мына күйімнен артық қандай еді?!» – деп күйін тартады. Кедей жігіттің күйіне риза болған қыз соған қосылатынын білдіреді. Әке-шешесі отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, қызын сүйген жігітіне қосып аттандырады. Сондағы жігіттің тартқан күйі осы «Кербез қыз» күйі екен дейді.
Ағылшын
The Graceful Girl (Version IV)
There was a rich man who had a single, spoiled daughter. She had never experienced the hardships of life. Growing up in the midst of abundant wealth, the beauty of the girl was matched by her grace. Many proud sons of the wealthy and handsome young men of the village expressed their feelings for the beautiful girl, but she did not show any inclination towards any of them. She would respond, "You are not my equal." As time went by, the girl grew older, yet she still did not like anyone. Concerned about her daughter's behavior, her mother sent her sisters-in-law to inquire about her feelings. The girl replied, "I am the only daughter of my parents, who have raised me with care and love. Because of that, I have become a proud girl. Whoever can play my pride on the flute, that is my equal, and I will go to him." The girl's words spread from mouth to mouth and became known throughout the land. Now, instead of young men riding horses, flute players began to come to the girl. However, she did not like any of them either. One day, a flute player in a tattered cloak came and said, "What is greater than your pride than my music?!" He played his tune. The girl, pleased with the poor boy's music, indicated that she would join him. Her parents held a celebration for thirty days and a feast for forty days, then sent their daughter off with the young man she loved. It is said that the tune played by the young man was the "Proud Girl" tune.