Өрелі кер (ІІІ нұсқа)

Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі. Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып келуге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп, байдың ауылының малын байқастап кері а...

Қазақша
Өрелі кер (ІІІ нұсқа)
Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі. Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып келуге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп, байдың ауылының малын байқастап кері аттың шідерлеулі тұрғанын көреді де, ымырт жабыла атқа келеді. Кер атты жүгендеп, енді шідерін ағыта бергенде байдың қуғыншылары шу көтеріп, бұларға қарай құйғытып келе жатады. Шідерді ағытуға шамалары келмей сасқалақтаған екі жігіт шідердің бір тиегін ағытады да, өрелі керге мінгесе қашады. Өрелі кер өресімен шапқанда қуғыншыларға жеткізбейді. «Өрелі кер» күйі осыған байланысты шығарылыпты деген аңыз бар.
Ағылшын
The Noble Bull (Version III)
The rich man’s horse, which was stolen, is tied up separately and looked after. The horse herders, who came chasing after the horse, realize that the rich man’s horse is missing after they have taken the horse. Thus, two young men are sent to the rich man’s village to capture the horse. The two young men, pretending to be locals, wander around the village and notice that the horse is tied up in the rich man’s yard. As dusk falls, they approach the horse. When they try to untie the horse, the rich man’s pursuers raise an uproar and come rushing towards them. The two young men, panicking and unable to fully untie the horse, manage to loosen one strap and flee on the spirited horse. The spirited horse, galloping with its strength, does not allow the pursuers to catch up. There is a legend that the song "The Spirited Horse" was created in connection with this event.